Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ақпанда Қазақстанның 1-сынып оқушылары қосымша демалады

2016-2017 жылдара арналған оқу жылында Қазақстанның 1-сынып оқушылары үшін қосымша демалыс қарастырылған.

«Қыркүйек айында Білім және ғылым министрлігі демалыстардың мерзімі мен оқу кезеңі жайлы бұйрық шығарған. Сол бұйрық аясында демалыс мерзімдері сынып-сыныпқа бөлініп көрсетілген. Сол бұйрыққа сәйкес, 2016 жылдың қыркүйегінде бірінші сынып оқушылары үшін білім берудің жаңа мазмұнын енгізгендіктен, 1-сынып оқушылары бес күн оқиды. Соған байланысты, 1-сынып оқушылары үшін 1-7 ақпан аралығында қосымша демалыс беріледі» - деп Білім министрлігінің баспасөз хатшысы Әйгерім Әлібекова.

Баспасөз хатшысының айтуынша, қалған сыныптың оқушылары әдеттегідей оқи береді.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама