Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Аққұс туралы аңыз. Оразбек Бодықов
Тақырыбы: «Аққұс туралы аңыз». О. Бодықов.

Мақсаты: 1) Оқушыларды аңызбен таныстыру. Ш. Қалдаяқовтың өмір баянымен таныстыру. Қосымша мағлұматтар беру.
2) Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
3) Ұқыптылыққа, жинақылыққа және сауатты әрі көркем жазуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта. Ш. Қалдаяқовтың суреті. Тест сұрақтары. Сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
- Балалар, қазір бізде ана тілі сабағы. Сабаққа көп қонақтар келді, білімімізді көрсетейік. Оқу құралдарыңды дайындап, орнымызға дұрыс отырайық.

2. Үй тапсырмасын тексеру.
- Балалар, үй тапсырмасын тексеру үшін мына тақтаға назар аударыңдар. Мұнда тест сұрақтары жазылған, сендер алдарыңда жатқан қағазға өз аттарыңды жазып, тесті орындаңдар. (Жинап алу, қорытындысын келесі сабақта айту).

3. Музыка ойнайды. – Балалар, сендер осы әнді бұрын естідіңдер ме? Осы әннің авторын білу үшін мына тақтаға қарайық, сөзжұмбақты шешейік. Олүшін мына мақалдардағы жоғалған сөздерді орнына қоюымыз керек. (сөзжұмбақты орындау). Көк жолақшаның ішіндегі сөзді оқыңдаршы. Шәмші. Ол кім өзі? (оқушылардың ойын тыңдау)
- Ия, балалар, Шәмші Қалдаяқов – әнші, композитор, Қазақстанның халық әртісі. Ш. Қалдаяқов Шымкент облысы, Отырар ауданында 1930 жылы дүниеге келген. Ш. Қалдаяқовтың әндері тек біздің Қазақстанда ғана емес бүкіл дүние жүзіне таныс. Ән сүйер қауым Шәмшінің әндерін ұйып тыңдап, жаттап шырқап жүреді. Шәмшінің 300 - ге жуық әндері бар. Шәмші аға қалың жұртқа махабатты жырлаған композитор ретінде танымал. Әндері құлаққа жағымды, жүректе жылы қабылданады. Елге, жерге, Отанға, ата - анаға, досқа, жарға деген махаббат - Шәмші ағамыздың әндерінің басты тақырыбы. Батыс өнеріндегі вальсті қазақ топырағына, қазақ табиғатына жақындатып, қазақ өнерінің төл өнеріне айналдырған Шәмші ағамызды қазақ халқы аса құрметтеп «қазақ вальсінің королі» деп атап, мақтан ететін. Ш. Қалдаяқов 1992 жылы 29 ақпанда 62 жасында ауыр науқастан көз жұмған. Қазақ өнері орны толмас қазаға душар болды. Шәмші ағамыз өзі өмірден өтсе де, оның әндері барлық қазақтың жүрегінде мәңгі сақталады. Ал сендердің қазіргі уақытта жатқа білетін, сүйіп орындайтын Шәмші аталарыңның бір туындысы ол «Менің Қазақстаным». Бір кезде ол жәй ән болған, халық оны барлық жерде сүйіп орындайтын. 1986 жылы Алматы қаласында Желтоқсан көтерілісінде жастар көтеріліске шыққанда осы әнді ұрандай шырқаған. 2005 жылдан бастап «Менің Қазақстаным» Қазақстан Республикасының Әнұраны болып бекітілді. Президентіміз Н. Ә. Назарбаев осы әннің сөздеріне біраз өзгертулер енгізді. Енді қазір Әнұранды тек салтанатты жиындарда ғана орындау керек.

4. Жаңа тақырып. – Ал қазір балалар, біз Оразбек Бодықовтың «Аққұс туралы аңыз» атты шығармасымен танысамыз. О. Бодықов - жазушы, драматург, зерттеуші. Ш. Қалдаяқовтың жан досы болған, Ш. Қалдаяқов туралы көптеген шығармалар жазған, бірнеше кітап шығарған.

5. Мәтінді оқу. (мұғалім)
Осы жерде Аққұстың әнін естірту.

6. Сөздік жұмысы. (дәптерге жазу).

7. Сұрақтарға жауап беру.
- Мәтінде кімдер туралы айтылған?
- Шәмші Аққұс туралы аңызды кімнен естіген екен?
- Жұрт мол жиналғаннан кейін аққұс аспанға көтеріліп не жайында ән салатын?
- Қарақұс туралы не айтасыңдар? Ол қандай өзі?
- Осы мәтінді басқа тағы қалай атауға болады?

8. Сергіту сәті.
Ренжідім – тух дедім.
Шаршадым – ух дедім.
Қорықтым – ай дедім.
Қайғырдым – эй дедім.
Таңғалдым – ой дедім.
Қуандым – ха - ха - ха дедім.

9. Мәтінді тізбектеп оқыту.
- Аққұс махаббат жайлы ән салған кезде табиғат қандай күйде болды? Мәтіннен тауып оқу.
- Ал енді Аққұстың ақтық шағы тақағанда, өлер алдында салған әнін естігенде табиғат қандай күйге ұшырады? тауып оқу.
- Бар, ұш! Сен азатсың! – дегенді қалай түсінесіңдер?

10. Суретпен жұмыс.
- Жақсы балалар. Ш. Қалдаяқовты Аққұстың қанатына бейнелегені, Шәмшідей адам жоқ, ол қайталанбас, дара тұлға. Осы Аққұстай Шәмші Қазақстанда талай жұлдызды ашып, бұлбұлша сайратқан.
11. Сурет салу. «Аққұстың қуанышты әні» атты тақырыпқа сурет салу. (музыка ойнап тұрады).
12. Суреттері бойынша қорытынды жасау.
13. Қорытынды. Бағалау. Үйге тапсырма: осы әңгімені мазмұндау.

Аққұс туралы аңыз. Оразбек Бодықов. слайдты жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама