Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ақшамшық ойыны /Сақина тастау/
Білім беру саласы:«Денсаулық»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі:Ұлттық ойын ұшқыны
Тақырыбы:Ақшамшық /Сақина тастау/ ойыны, саусақ сыры.
Мақсаты:Балаларды жылдам қозғалуға, шапшаң қимылдауға, зеректікке баулу.
Тақпақтарды, жаңылтпаштарды жатқа айтуға үйрету.
Халық ауыз әдебиетін пайдалана білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойнату, жаттау.
Көрнекіліктер:Сақина, тақпақ, жаңылтпаштар

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезең.
Денсаулығың мықты болсын!
Өмір жасын ұзақ болсын.
Еліңнің сәні бол!
Ата – анаңның әні бол!
Кел, балалар ойын ойнайық,

Өлең жаттату.
Алақанды беттестіріп, қуыстап,
Отырыңдар құр ауаны уыстап.
Бір – екі рет кідіріп те қалған боп,
Бір жүзікті тегіс жағын салған боп.
Сездірмейді берік болса сырға кім,
Осында бір құпия тұрғанын.
Бақыла да өзінше түр - түсінен,
«Жүзікті бер» деп сұра бір кісіден.

«Ақшамшық» ойынның шартымен таныстыру
Бұл – қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан дәстүрлі ойыны. Оны сақина салу, сақина тастау деп те айтады.
Ойыншылар екі алақанын беттестіріп, қысырыңқырап, қолдарын алға соза отырады.
Жүргізуші сақинаны салып болған соң, ортаға шығып, «Сақинам кімде?» деп дауыстап сұрайды. Сол уақытта қолында сақина қалған ойыншы жан - жағында отырғандарға білдірместен орнынан атып тұруы керек. Егер екі жағында отырған адам ұстап қалса, орнынан тұрушы жаза тартады.
Оыйнды 3 - 4 рет ойнату.

Сабақты қорыту
Нені білді: «Ақшамшық» ойының қалай ойналатынын білді
Қандай түсініктерді игерді:, зеректілікті игерді
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ойын кезінде жылдам қозғалуға, шапшаң қимылдауға үйренді.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама