- 19 қаз. 2018 00:00
- 366
Ақтауда Қазпошта бөлімшесі ашылды
Жақында «Қазпошта» АҚ Маңғыстау облыстық филиалында тұтынушыларға қызмет көрсетудің жаңа принципі енгізілді.
Кезекті бөлімшенің ашылу салтанатына облыс әкімі Ералы Тоғжанов қатысып, бөлімшені аралады. Сондай-ақ, ұлттық оператордың қызмет көрсету аясының кеңейіп жатқандығына тоқталып, оның маңыздылығын баса айтты.
«Егер бұрын Маңғыстау облысына 30 мың бірлік хат-хабар келсе, электрондық коммерцияның жылдам дамуы арқасында қазір 90 000-ға дейін келеді. Егер бұрын байланыс бөлімшелеріне адамдар сәлемдемелер мен хаттарды жіберу немесе алу үшін жүрсе, қазіргі уақытта Қазпоштаға адамдар аударымдарды жіберу, несиені өтеу, депозитті толтыру, карталарды шығару және коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша жүгінеді. Бұл бөлімдердегі кезекті қысқартуға мүмкіндік береді және халыққа көбірек жайлылық береді», - деді әкім Ералы Тоғжанов.
2012 жылдан 2016 жылға дейін Маңғыстау облысында үш Сәлемдемелер супермаркеті ашылды. Мұнайлы ауданындағы пошта бөлімшесі жаңа ғимаратқа көшті. Сонымен қатар, Атамекен кентінде жаңа технологиялармен жабдықталған жаңа мобильді пошта бөлімшесі ашылды.
«Трансформация» және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламалары аясында Қазпошта Халықаралық ұйымдарға кіруден бастап электрондық коммерциямен, қызметтерді цифрландырумен, онлайн-банкингпен байланысты инновациялық жобаларға дейін қызмет саласын кеңейтті.
Айта кетейік, Маңғыстау облысының әкімдігі мен «Қазақтелеком» АҚ арасында да шалғай өңірді цифрландыру саласындағы әріптестік келісім бар. Өткен шілде айында аймақ басшысы Ералы Тоғжанов пен «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев өлке аумағында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын нәтижелі жүзеге асыруға бағытталған құжатқа қол қойған болатын.