Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ақтаулық ұстаз Мәскеуде өткен математикалық байқауда 1 орынды иеленді

Ақтау қаласындағы химиялық-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің математика пәні мұғалімі Светлана Озған Мәскеуден оралып, журналистерге «Математика және жобалау» байқауына қатысқаны және оның нәтижесі жайлы айтып берді. Бес күнге созылатын жыл сайынғы байқау биыл М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің базасында өтті.

Светлана Озған «Жобалау және зерттеу жұмыстары қызметін ұйымдастыру» секциясының жобасына қатысып, «Математика сабақтарында оқытудың жобалық әдісін қолдану және зерттеу қызметін ұйымдастыру» атты тақырыптағы жобасын ұсынды. 

«Балалардың зерттеу жұмысын жүргізуге деген тілегін ашу үшін математика сабақтарына зерттеу әдістерін енгізу қажет деп санаймын. Мысалы, ғылыми жұмыс баяндамадан, рефераттан, зерттеуден тұрады. Барлық үш бөлімді орындау нәтижесі бойынша ғана тұжырымы бар толыққанды жоба алуға болады. Әділ қазылар идеяма қызығушылық танытты. Оларға сабақтар тақырыбын көрсеттім. Олардың біріндегі бұрыш жайлы түсіндіріп, «Ақтау қаласының геометриясы» тақырыбын жасадым. Бұрыштар нысанын картада бар мысалдардан көрсеттім. Мұндай тәсіл балаларға да ұнайтыны сөзсіз, әділ қазылар жобаға жоғары баға берді», - деді Светлана Тұрашқызы.

Светлана бірінші орын иеленді. Ұйымдастырушылар жеңімпазға оның зерттеуіне ғылыми-әдістемелік материал әзірлеуді ұсынды.

Байқауға С. Озғаннан басқа, НЗМ 11 сынып оқушысы Аида Зинурқызы қатысты. Светлана Озған жетекшілік еткен оқушының жобасы 3 орын иеленді.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама