Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Ақтаулық асабаның жары сәбиінен айырылып қалғанын айтты

Ақтаулық белгілі асаба Ханның жары Алма Мырзабекова ауыр қайғыға тап болды. Желіде талқыға түскен жағдайдан кейін көпшілік назарында жүрген ол, өзінің әлеуметтік желі парақшасында сәбиінен айырылып қалғанын жариялады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алма Мырзабекованың айтуынша, іштегі сәбиін жоғалту – әр ана үшін сөзбен айтып жеткізе алмайтын ауыр соққы. «Мен оны қолыма ұстап үлгермесем де, жүрегіммен сүйіп үлгердім. Ол менің арманым, үмітім, жүрегімнің бір бөлшегі еді», – деп жазды ол.

Ол соңғы уақытта орын алған жағдайлардың әсері алдымен сәбиіне тигенін айтып, Алланың ісіне амалының жоқ екенін жеткізді. Осы ауыр сәтте жанында болған отбасына алғыс білдірді.

Желі қолданушылары Алмаға қолдау көрсетіп, жылы лебіздерін білдіруде. Сондай-ақ, ол өзіне көмек көрсеткен дәрігерлерге ризашылығын жеткізді. «ОПЦ гинекология бөлімінің дәрігерлері мен қызметкерлеріне үлкен рақмет! Кәсібиліктеріңіз, мейірімдеріңіз, қамқорлықтарыңыз бен жылы қарым-қатынастарыңыз үшін мың алғыс. Әр пациентке түсіністікпен қарап, қолдау көрсеткендеріңіз үшін ерекше ризамын», – деп жазды Алма Мырзабекова.

Жаңалықтар

Жарнама