- 27 қыр. 2021 00:00
- 179
Әрбір күнге арналған 7 аффирмация
Әрбір күнге арналған 7 аффирмация
Дүйсенбі: Әрбір істі бастау үшін дүйсенбіні күтпеймін..Дегенмен де аптаның алғашқы күнінде мақсат құрып,жоспар қыламын.Сонда 1 аптам толығымен пайдалы өтеді.
Сейсенбі: "Бүгіннен бастап мен өз сәтсіздіктерім үшін басқаларды кінәламаймын. Олардың бар екенін ұмытамын. Өз қатемді өзгеге айтып шағымдансам, өмірім жақсы жаққа өзгеріп кетпейді. Бүгіннен бастап әлемге тек жақсы оймен және көзқараспен қарайтын боламын".
Сәрсенбі:Мен осы қалпымда қалып қоймаймын. Менің өмірім бір сарынды болмайды. Өзгертіп отырамын. Себебі күн сайын жаңа мүмкіндіктерді іздеп, өмірімді бұдан да жақсырақ етуге тырысамын".
Бейсенбі: Сабырлық пен Шыдамдылық - өзіңе деген сенімділік пен күш-қуаттың белгісі. Ендігіден бастап, шыдамды болуға жаттығамын.Оны қолданамын
Жұма: Мен өз өзіме мотивация беремін. Мен міндетті түрде сәтсіздіктерден құтыламын. Сүрінсем де, құласам да, қайта-қайта тұрамын. Өйткені өзімнің табандылығым мен ерінбей еңбек еткенімнің арқасында өмірімді өзгерте аламы.Бұл ертеңгі жеңісімнің жемісі бола алады.
Сенбі: "Позитивті болу дегеніміз - негативті жағдайларға мүлдем назар аудармауды білдірмейді.Қуанышта жүріп,өмірдің ләззатын сезінуді білдіреді. Позитивті болу дегеніміз - негативті жеңуді білдіреді. Осы айырмашылыққа назар аудара отырып, мен бүгіннен бастап өз көзқарасымды өзгертіп,ойлана алатын боламын.
Жексенбі: "Уақыт - мен басқара алатын азғана нәрселердің бірі.Оны дұрыс қолданамын. Сондықтан бүгіннен бастап, мен өз өмірімнің әр минутын бағалайтын боламын".
Бұлбұл Төлеуханқызы