Ардақтайық әке менен ананы!
Тақырыбы: Ардақтайық әке менен ананы!
Мақсаты: а) Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата - анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қызы болуға тәрбиелеу.
ә) Ата - анасының берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге үйрету, қоғамға жат қылықтардан сақтандыру.
Көрнекілігі: Тақырып жазылған плакат, ата - ана жайлы ұлағатты сөздер, хадистер.
Тәрбие сағатының барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Қонақтармен сәлемдесу
ә) Оқушылардың орналасуын қадағалау
2. Көрнекілік арқылы түсініктеме беру және тақырыпқа сай кіріспе сөз сөйлеу
Кіріспе
Бала тәрбиесінде ата - ананың алар орны ерекше. Ата - ана баласына саналы тәрбие беріп, оның болашағына зор үмітпен қарайды. Бірақ та қазіргі заманда ата - анасы мен ұстаздардың берген тәрбиесін жоққа шығарып, өмірден опық жеп жатқандар қаншама. Балалардың мектеп партасында отырып, оқушыға, қоғамға жат қылықтармен айналысуы бұл - кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Біздің оқушыларымыз осындай жат қылықтардан аулақ болып, саналы, тәрбиелі, білімді ұрпақ тәрбиелеу мақсатында осы тәрбие сағатының мәні зор деп сенемін.
- Сондықтан да, балалар, қазіргі айтылар ата - ана жайлы ұлағатты сөздерді зейін қойып тыңдап және айтқанда да тек ауыздарыңмен емес, жүректеріңмен айтса екен деп ойлаймын.
3. Олай болса, тәрбие сағатын әрі қарай оқушылардың өз бетінше өткізуіне көңіл бөлсек.
1 - жүргізуші: - Армысыңдар, аяулы ұстаздар, ардақты ата - аналар!
2 - жүргізуші: - Қош келдіңіздер, жиналған қауым!
1 - жүргізуші: - «Ардақтайық әке менен ананы!» атты 7 «В» сынып оқушыларының ашық тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!
2 - жүргізуші: - Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,
Әкеге арнап марапатты бастар күн.
Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн,
Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың.
1 - жүргізуші: - О, ата - анам,
Таянышым, тірегім!
Бар бақытты бір басыңа тіледім.
Бізді жақсы болса екен деп қашанда,
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.
2 - жүргізуші: - Ата - ана алдындағы әдептілік - баланың бармақтай кезінен бойына табиғи дарыған қасиет болуға тиіс. Ата - ананы сыйлау - елді сыйлау, ата - әжесін құрметтеу - өмірді құрметтеу.
Хормен: - Қымбатты, ата - ана, ұстаздар!
Біздің борышымыз - Сіздерді құрметтеу.
Хор: Ана туралы жыр
Гулвира: Алдымен сүй, ардақта ата - анаңды,
Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.
Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,
Мейірімінен ананың жасалады.
Жырақ жүрген анасын ол сағынған,
Ата - анаға сәлем айтқан ән - жырдан.
Екеуінің қуанышты тілегі,
Әрқашан да бір арнадан табылған.
1 - жүргізуші: - Ендігі кезекте ата - ана туралы ұлағатты сөздерге құлақ түрсек.
Инабат: - Адам жеміске, ата - ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей ата - ананы аялап бақса, армандары орындалады.
Елнар: - Әдепті, адал ұл - қыздардың міндеті ата - анасының тірісінде көрсеткен қызметімен бітпейді. Ата - аналарын олар дүниеден қайтқанда да жиі есіне алады.
Ақтоты: - Ұл - қыз ата - анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелем десе, алдымен әдепті болулары керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса, ата - ананың ұл - қызы болып өседі.
Рахат: - Ата - ананы сыйлау - сәби шағында олар өзіңді қалай бағып - қақса,
қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялау керек.
Ә. Айдана: - Ата - ананың көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма.
Шыңғыс: - Ата - анасын ұмытқан бала - опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы.
Жандос: - Ата - ананың қадірін білмеген - халық қадірін білмейді.
Айнамкөз: - Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік таянып, шошып оянған ананың ақ мейірімін ерекше бағаламасаңыздар, ол - қорлық.
Құралай: - Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата - анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай қылықтардан аулақ болып, ана, әке, апа, қарындас - туыстарыңды сыйлап жүріңдер. Әке - тірегің, қамқоршың, асқар тауың. Ана - жарық дүниеге әкелушің.
1 - жүргізуші: - Айдана мен Әсемнің орындауында «Алтын ана» әнін қабыл алыңыздар.
2 - жүргізуші: - «Қарт пен бала әңгімесі» деп аталатын көріністі тамашалаңыздар.
Баласы: - Ата, онда маған сұрақ қойыңызшы.
Атасы: - Балам, үйдің алтын қазығы кім?
Баласы: - Ата, үйдің алтын қазығы - бала.
Атасы: - Жоқ, балам, үйдің алтын қазығы - ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі - қызға үлгі, әке тәрбиесі - ұлға үлгі. Ана - ақылшың, әке - қамқоршың, аға - қорғанышың, інің - сүйенішің, қарындасың - қанатың екенін ұмытпа.
Атасы: - Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
Баласы: - Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін - мейірімді әке.
Атасы: - Жоқ, балам, әке қанша мейірімді болса да ананың жаны бөлек. Ашты тоқ, жоқты бар ететін ол - ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.
- Ал, балам, өмір сүру үшін не қажет?
Баласы: - Ата, өмір сүру үшін алтын, ақша, мал қажет.
Атасы: - Жоқ, балам, өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су - тіршіліктің нәрін береді, от - өмірге жалын береді, тұз - астың дәмін келтіреді, қыз - өмірдің сәнін келтіреді, ақыл - өмірдің мәнін келтіреді.
Енді қарт оқушыларға сұрақ қояды.
- Адамның ақылы қайда, балаларым, кім айтады екен?
Қарлығаш: - Ханның ақылы тағында, әкенің ақылы жанында, жігіттің ақылы жақсылығында, ақымақтың ақылы кім көрінгеннің қалтасында.
- Адамға ақыл беретін кім, балаларым?
Ақжарқын: - Адамға ақыл беретін ата - ана, ұстаз, досың. Ата - ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады.
Атасы: - Енді өмірде не жетім?- деген сұраққа кім жауап береді?
Н. Айдана: - 1. Өмірде ата - анасы болмаса, бала тас жетім
2. Халықта сенім болмаса, хан жетім.
Ханы ақылсыз болса, халық жетім.
3. Суы жоқ құдық жетім.
Досы жоқ жігіт жетім.
4. Шәкіртсіз ұстаз жетім.
5. Қызы жетесіз болса, ана жетім.
6. Ата - ана ақылы жерде қалса, бәрінен де сол жетім.
Атасы: - Иә, балаларым, сендер ата - ананың тәрбиесін бағалап өскен балаларсыңдар. Қанаттарың еш талмай, ақ жолмен ата - аналарыңды сыйлай біліңдер. Аумин!
2 - жүргізуші: - Ақжарқынның орындауындағы «Асыл ана» әні барша аналарға арналады, қабыл алыңыздар.
1 - жүргізуші: - Біздің қазақ әр сөзді тұспалдап та, туралап та, астарлап та жеткізген халық. Ата - ана туралы қаншама мәнді де маңызды сөздер айтылады. Сонымен бірге ата - ана туралы хадистерді білетін оқушыларды да тыңдап көрейік.
Саламат: - Ей, Перзентім! Ойыңа тоқып ал, ата - анаңа құрмет, ізет қылуды мойынға алу ләзім. Себебі, баланың түп негізі - ата - ана болып табылады.
Айбек: - Ата - анамды не үшін құрметтеймін дегенді ойыңа алушы да болма. Олар сен үшін өлуге де дайын тұрады. Сен соны білуің керек.
Асылзат: - Сен ата - анаңның еңбегін дін жағынан өтей алмасаң да ақыл - санаңмен, адамгершілігіңмен өте. Кімде - кім ата - анасын разы еткен болса, ол қандай жақсы. Алла тағала оның өмірін ұзартады.
Бекжан: - Ата - анаңа не істесең, қартайғанда алдыңа сол келеді.
Айбала: - Борыш - ата - анаға, үлкен ұстаздар мектебіне қызмет жасап, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу. Егер нағыз адам болсаң, ең әуелі ата - ана алдындағы борышты өтеу мақсатын қоямыз. Құрметті, әке - шеше, атыңа кір келтірмеуге ант етемін!
Барлығы: Ант етеміз!
1 - жүргізуші: «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.
2 - жүргізуші: -«Кешір мені, ана» деп аталатын көрініске назар аударыңыздар.
Автор: - Жалдамалы пәтерде анасы мен баласы әңгімелесіп отырады.
Анасы: - Балам, сабағыңды жақсы оқы, әкең екеуміздің ойлап жүргеніміз сенің қамың. Жақсы тамақтанып, жақсы киінсін деп тынбай еңбек етудеміз. Сабағыңды жақсы оқысаң, болашағыңнан үлкен үміт күтеміз. Ал, мен енді жұмысқа кеттім.
Баласы: - Жарайды, ана, уайымдамаңыз.
Автор: - Анасы шығып кетеді. Бала сабағын оқып отырады. Осы кезде сырттан екі бала келіп оны ұйымға кіруге үгіттей бастайды.
Олар: - Сен біздің ұйымға кіресің бе, онда қызықты нәрселер көп.
Бала: - Жоқ, мен анамның айтқанын орындап, сенімін ақтауым керек.
Екеуі қарқылдап күледі: - О, күшік! Анасының айтқанынан шықпайды, жігіт емессің. (Екеуі баланы ұрып - соғып қорқытады)
- Енді қалай, ойландың ба?
Бала: - Жарайды, жарайды.
Әлгі екеуі: - Ендеше былай, қазір үйіңнен бізге ақша әкеліп бересің. (екеуі шығып кетеді)
Автор: - Бала қорыққанынан анасының сөмкесінен ақша ұрлап әкеліп береді. Анасы жұмыстан келген соң баласының түрін көріп таң қалады.
Анасы: - Балам, түріңе не болған?
Баласы: - Ештеңе, Құлап қалғанмын.
Автор: - Анасы сөмкені ашып қараса ақша азайған сияқты.
Анасы: - Балам, сөмкедегі ақшаны сен алдың ба?
Баласы (дауыс көтеріп): - Жоқ, неге менен көресіз?
Автор: - Ертеңіне анасы тағы да баласына ақылын айтып жұмысына кетеді. Жұмыстан келгенде кешегі жағдай тағы да қайталанады. Осылай бірнеше күндер өтеді.
Анасы: - Балам - ау тағы да ақшам жоқ, бұл пәтер сатып аламыз деген ақша еді ғой. Оны қайда жібердің?
Баласы: - Сіз неге менен көре бересіз? Алған жоқпын дедім ғой.
Анасы: - Балам, сен бұрын маған дауыс көтермеуші едің ғой, саған не болған?
Баласы: - Менің өміріме араласпаңыз. Мен кетем.
Автор: - Осы кезде есікті сарт еткізіп жауып шығып кетеді. Баласынан мұндай мінезді күтпеген анасының жүрегі ауырып құлайды. Көршісі жедел жәрдем шақырып, ауруханаға алып кетеді.
Бала сыртта әрі жүреді, бері жүреді, ішегі шұрылдап қарны ашқан соң, әрі кеш болып қалғандықтан қайда барарын білмей үйіне келеді. Есікті ұрғылап, анасын іздейді. Көрші шығып анасын ауруханаға алып кеткендігін айтады.
Көршісі: - Анаң жүрек талмасына ұшырап, жедел жәрдем алып кетті.
Автор: - Анасының ауруына өзінің кінәлі екенін сезінген бала ауруханаға құстай ұшып жетіп, анасының құшағына құлап кешірім сұрайды.
Баласы: - Кешір мені, ана, кешір! Маған бұл өмірде сенен артық жан жоқ. Мен олардың арбауына түсіп қалдым. Енді тек қана ата - анам мен ұстаздарымның ғана айтқанын орындайтын боламын. Кешір мені, ана!
Анасы: - Балам, құлыным!- деп баласының басынан сипайды.
1 - жүргізуші: «Мама» әнін орындайтындар: Шыңғыс, Құралай, Ақжарқын
2 - жүргізуші. «Бала тәрбиесі - бесіктен» дейді халық. Әрбір ата-ана өз баласына қазақтың ырым - тыйым сөздерін айтып отырып тәрбиелейді. Ендеше біздің оқушыларымыздың ата - аналарынан естіген ырым - тыйым сөздеріне құлақ түрсек.
Ақжол: - Ата - ананы ренжітпе
- Түнде суға барма!
- Таңдайыңды қақпа!
- Кісіге қарап есінеме!
- Дастарханға қарап түшкірме!
- Үлкеннің сөзін бөлме, жолын кеспе!
Алтынбек: - Ошаққа су құйма
- Нанды баспа!
- Табаныңды тартпа!
- Қолыңды төбеңе қойма!
- Бас киіммен ойнама!
- Бос бесікті тербетпе!
Әсем: - Малды теппе!
- Бүйіріңді таянба!
- Кешқұрым ұйықтама!
- Айға қолыңды шошайтпа!
- Үйге жүгіріп кірме!
- Біреудің иығын баспа!
1 - жүргізуші: Айдананың орындауындағы «Әке туралы жыр» әні барша әкелерге арналады. Қабыл алыңыздар.
2 - жүргізуші: - Енді оқушылардың ата - аналарына арнаған жүрек жарды өлеңдерін назарларыңызға ұқсынамыз.
1. Ақжарқын
2. Айбала
Қорытынды
Мұғалім: - Осы тәрбие сағаты менің оқушыларыма үлкен ой салып, саналы болуға тәрбие берді деп ойлаймын. Келген ата - аналарға үлкен рахмет айта отырып, тәрбиелеп отырған балаларыңыз саналы азамат болып, сіздердің де, біздің де мақтанышымыз болсын деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Сіздердің назарларыңызға 7 «А» сынып оқушысы, мектебіміздің мақтанышы Көшеней Нұрбинаның орындауындағы «Қос шынарым» әнін ұсынамыз, қабыл алыңыздар.