Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 13 сағат бұрын)
Арыстан мен тышқан
Атырау қаласы, Томарлы селосы,
Қ. Смағұлов атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Көптілеуова Гүлнар

Әдебиеттік оқу (4 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Арыстан мен тышқан.
Білімділігі: Оқушыларға мысалдарды таныстыра отырып, негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Көркем шығарманы оқуға қызығушылығын арттыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ой - өрісін кеңейту. Түсініп, мәнерлеп оқу дағдысын нығайту. Өз ойларын еркін айтып, дәлелдей білуге үйрету.
Тәрбиелігі: Оқушыларды адалдыққа, қайырымдылыққа, қоршаған ортадағы тірі жандарды аялауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Интерактивті тақта, суреттер, сызбалар
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, баяндау, суреттеу, талдау, топтау.

Сабақтың мазмұны. 1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
1 - топ: Ара мен Шыбын. (сахналау)
2 - топ: Венн диаграммасы.

● Ара
Еңбекқор
Қонақжай
Талапты
Адал
Пайдалы
● Шыбын
жалқау
еріншек
жаман
лас
зиянды
● Екеуі де жәндік.
Табиғатқа екеуі де пайда келтіреді

3 - топ: Бірлік – ынтымақ туралы мақалдар айту.
1. Бірлік еткен озар
Бірлеспеген тозар
2. Тазалық – денсаулық кепілі.
3. Ынтымақ түбі - игілік,
Тірлік түбі - бірлік.

4. Жаңа сабақ:
1. Арыстан мен Тышқан мысалын видеодан көрсету.
2. Мысал дегеніміз не?
Оқушылар анықтамасын айтады.
3. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірімен таныстыру.(Оқушы таныстырады)
Сұлтанмахмұт 1893 жылы 23 қазанда Баянауыл ауданында малшы отбасында дүниеге келген. Әкесі кедей болған, бірақ хат таныған.
Бір жасында анасынан айырылып жетімдікті көріп өскен. Қуанышсыз балалық шақты, аштық өмірді басынан өткізген. Ол не бары 27 жас өмір сүрген. Ол Арыстан мен Тышқан мысалында күштінің әлсізді менсінбейтін іс қылығын әшкерелейді.

5. Оқулықпен жұмыс:
1. Іштей оқу.
2. Рөлге бөліп оқу.
Оқушыға оқытып, мазмұнын айтқызу.

6. Сөздік жұмысы:

7. Сергіту сәті «Көңілді күн»

Топпен жұмыс:
1 - топ: Арыстанға 5 жол өлең құрастыру.
Не? Арыстан
Қандай? Айбатты, жыртқыш, мақтаншақ.
Не істеді? Ызаланды, ақырды.
2 - топ: Мысалдың мазмұнына байланысты сурет салып қорғау.
3 - топ: Тышқанға бес жол өлең құрастыруү
НЕ? Тышқан
Қандай? Тапқыр, ақылды.
Не істеді? Ойнады, құтқарды, жалынды.

Сонымен Арыстан қандай аң?
Жыртқыш, ірі, аң патшасы, батыл, өте күшті, ұзақ жасайды, етпен қоректенеді, бірнеше жылда ұрпақ береді.
Тышқан қандай жануар?
Кеміргіш, ұсақ, жыл басы, қорқақ, өте әлсіз, көп өлімге душар болады,
Тағам талғамайды, көп балалайды.

Сұрақтар қою арқылы жауап алу.
Мысалдан адамның бойындағы қандай мінез - құлықтар байқалады?
Мысалдың идеясын ашатын мақал - мәтелдер:
1. Түйедей бойың болғанша,
Тарыдай сыйың болсын.
2 Күлме досқа келер басқа.
3 Досы көпті жау алмайды.

Үйге. Арыстан мен Тышқан. (Ойдан ертегі құрастыру.)
Бағалау:
Қорытындылау:
Сонымен балалар мысалдан қандай ой түйдіңдер?
Үлкен сабақ түйгеніміз мысалдан
Нағыз дұшпан артық жаман досыңнан
Тығырыққа тірелер күн туғанда
Арыстан да көмек сұрар тышқаннан.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама