- 02 жел. 2019 00:00
- 242
Арман алысқа жетелейді
Адам баласы өмірге армандау үшін келеді десем қателеспеймін."Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда үлкен арман керек екен адамға"деп Мұхтар Шаханов атамыз айтқан.Адам баласында арман деген көп қой .Армансыз адам-ормансыз бұлбыл деген керемет сөз бар емес пе? Әр адам әр түрлі армандайды.Кейбір адамдар жәй ғана армандап , еш әрекетсіз армандар орындалмайды дейді.Бұл қате! Армандар орындалады, ол үшін адамға ең бірінші сенім керек.Одан кейін адам алдыдына айқын мақсат қойа білуі керек.Мен армандар орындалатына бала кезімнен сенемін , қазір де сенемін,қазір де армандаймын.Мен армандарым орындалу үшін алдыма үлкен мақсат қойдым және оған жету үшін қазір ден бастап қадам жасап келемін.
Біреу айтты" бұл арманың бекер" деп,
Біреу айтты "қиялдама жетер!"деп.
Көп ойланып мен өзіме серт бердім,
Арманыма өз күшіммен жетем деп.
Біздің арманымыздың орындалмауына өзгелердің ой пікірі кедергі болуы мүмкін.Ондай жағдай болмас үшін мақсатымыз айқын блу керек сонда бізді ешкім тоқтата алмайды.Біз тек қана армандап бір орында тоқтап қалмаумыз керек , алға қарай қадам жасап ,барлық кедергіне жеңе білуіміз керек. Менің қазіргі арманым ҰБТ -дан жоғары бал жинап , армандаған маман иесі атану . Ащы болса да шындықты жақтайтын , шындық үшін күресе білетін ,өз ісімнің маманы болғым келеді.Мен бұл арманым алланың қалауымен орндалатынына сенемін.Мен бұл арманыма жету үшін маған ізденіс, талпыныс,жігерлік, жақындарымның қолдауы қажет.
Қиял кезіп арман елін мекендеп ,
Тілеп жүрем арманыма жетем деп.
Әлемдегі бар байлығым үйдегі,
Анамды бақытты жан етем деп.
Ой жеткен жерге қол жетер .Армандар Орындалады деп Абай тамыз айтқанда біз не ойлсақ соған қол жеткізе аламыз.Біз жетістіктерге жай ғана жете салмаймыз,біздің жолымызда түрлі қиындықтар болады біз оған шыдап жеңе білуміз керек.Сенім , мақсат, арман болса алынбайтын қамал жоқ. Біз өзіміздің арманымызды биік шың деп алып , оның аспанмен тірескен ұшына жетпейінше тоқтамаумыз керек. Кім біледі, менің бүгінгі арманым – ертеңгі болашағым болар?! Бүгінгі қиялымдағы ойым – ертеңгі күнімнің еңбекпен тауып жейтін азығым болар?! Мен бұл арманымды міндетті түрде орындаймын!Қай арманыма қолым жетіп, қай арман мені өмір бойы жетелейтінін білмеймін. бірақ, бір білетінім – арманымның орындалуы өз қолымда. ол үшін жақсы оқып, алға ұмтылу керек. бір орында отыра берген адамның арманы түгіл, ісі де алға баспайды. сондықтан, менің өмірлік ұстанымым – «Тек алға!!!».