Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Асан қайғы (І нұсқа)

Халық аузындағы Асан қайғы осы Жәнібек кезінде болды. Жәнібек Астарханды салдырып, той жасап үш жүздің баласын шақырды. Екінші қарындасын күйеуге беріп той жасады. Үшінші құладынды үйретіп, қу алдырып той жасады. Осы үш тойына да Асан қайғыны арнап шақырды, бармады. Ақырда «халық шаруасын сөйлесем» деп шақырды. Асан келеді. Жәнібек:

— Мына тойларыма келмеген себебің не?

Асан:

— Үш тойың да дұрыс емес. Сол себепті келмедім. Соның пайдасын қазақ алғанша көп заман бар, — дейді, — халықтың күшін қазақтың шетіне жұмсадың, қой, қош аман бол, —  деді. — Астархан орыс пайдасына қалады, — дейді.

Жәнібек:

— Қарындасымның тойына неге келмедің?

Асан:

— Қарындасың шашын тараған түрпіні жоқтайды, күйеуің атын ұстап түсіретін қараны жоқтайды.

Жәнібек:

— Құладынды қайырып, қауға салып той қылдым, бұған неге келмедің?

Асан:

— Аққу құстың асылы еді, жапалаққа талаттың, жаманнан өлесің, — дейді.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама