tengrinews.kz
- 22 сәу. 2026 07:30
- 28
Астана әкімдігі тұрғындар мен қала қонақтарына хабарлама таратты
Астана қаласының әкімдігі 22-24 сәуір аралығында елордада көшелерді жабу жоспары туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылған жалған ақпаратты жоққа шығарды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жалған ақпараттық хабарлама
Әкімдіктің мәліметінше, таратылған хабарламадағы уақыт аралықтары мен көшелер тізімі нақты шындыққа жанаспайды. Бұған дейін тек жол желісінің жекелеген учаскелерінде уақытша шектеулер болуы мүмкін екені ғана хабарланған болатын.
«Күндері, уақыттары және көшелері бойынша бөлінген хабарлама ресми болып табылмайды және шындыққа сәйкес келмейді», - делінген әкімдіктің хабарламасында.
Ресми ақпарат көздеріне сену маңызды
Әкімдік азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және тексерілмеген хабарламаларды таратпауға шақырды.
Естеріңізге сала кетейік, 22-24 сәуір аралығында Астанада RES 2026 халықаралық экологиялық форумы өтеді. Елордаға алты мемлекеттің басшылары келді.