Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Астана - бас қала
Сабақтың тақырыбы: Астана – бас қала.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Елордасы Астана туралы жан - жақты білімдерін кеңейту, алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту, зат есімді ажырата білуге дағдыландыру, көптік жалғауларды меңгерту;
ә) дамытушылық: тіл дамыту, ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін арттыру; іздендіру, тапқырлық, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
б) тәрбиелік: өз Отанын, халқын, жерін сүюге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Астананың суреттері бар слайдтар.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, оқушылардың көңілін сабаққа аудару.
Сәтті болсын күніміз,
Жарқын болсын үніміз.
Ашық болсын таңымыз,
Сау болсын деніміз!

ІІ. Үй жұмысын тексеру. Өткен сабақ ты қайталау.
Сұрақ - жауап:
1. Қазақ әліпбиінде қанша дауыссыз дыбыс бар?
2. Дауыссыз дыбыстар қандай топтарға бөлінеді?
3. Қазақ тілінде сөздің көпше түрі қандай жалғаулар арқылы жасалады?
4. Жуан сөздерге қандай жалғаулар жалғанады?
5. Жіңішке сөздерге қандай жалғаулар жалғанады?
6. Қазақстанның астанасы қай қала?

ІІІ. Жаңа сабақ. Бүгін біз Астана қаласына саяхат жасаймыз. Біз саяхатты автобуспен жасаймыз, ал автобусқа мінейік (автобустың суреті; слайд Астана қаласы туралы). Тақтада Астана қаласының картасы ілулі тұр. Картада біздің баратын бағытымыз көрсетілген. Астананың көркем жерлеріне жету үшін біз тапсырмаларды орындауымыз керек.
1. Сөздік жұмысы:
Президент сарайы - Дворец Президента
Қонақүй - гостиница
Жастар сарайы - Дворец молодежи
Мәдени - культурный
а) сөздердің мағынасын түсіндіру;
ә) дұрыс айтуға жаттықтыру: қайталау, тізбектеп айту.
б) сөйлемдер құрау.
1 - тапсырманы орындасақ, Президент сарайына жетеміз.
1 - тапсырма. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу, сөздікті пайдаланып, аудару.
Бірінші аялдама: Президент сарайы. Енді Президент сарайынан бізге мынадай тапсырма келді.
2 - тапсырма:
1 - қатар астана
2 - қатар ғимарат сөздеріне көптік жалғауын жалғау
3 - қатар қала
Екінші аялдама: Парламент ғимараты. Ол жерден де бізге тапсырмалар келді. Соны орындайық. Мына сөйлемдерден зат есімдерді тауып оларға сұрақ қою керек.
3 - тапсырма. Болат әжесімен Астана қаласына қыдырып келді. Ол қаладағы үлкен, әдемі ғимараттарды көріп таң қалды. Әжесіне «Бәйтерек», «Қазақ елі» монументтері қатты ұнады.
Сергіту сәті.
Ал келесі аялдама Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті мен Жастар сарайы. Бұл университетте дарынды студенттер оқиды. Олар бізге тапсырмалар беріп жіберіпті.
4 - тапсырма. Мұражай сөзіне фонетикалық талдау жасау. Қазақстан сөзіне тәуелдеу.

IV. Бекіту. «Дұрыс - бұрыс ойыны» (Балаларға дұрыс, бұрыс сөздері бар кеспе қағаздар таратылады)
1. Астанада «Медеу» мұз айдыны бар. (бұрыс)
2. Қазақстанның туының түсі - қызыл.(бұрыс)
3. Астанада Президент сарайы бар. (дұрыс)
4. Астана, Өскемен, Қарағанды - бұл таулар. (бұрыс)
5. Қазақстанның мемлекеттік тілі - қазақ тілі. (дұрыс)
V. Қорытындылау. Сұрақ - жауап:
1. Астана қаласының бұрынғы атауы қандай?
2. Астана қай жылы Алматындан Астанаға ауыстырылды?
3. Астана қайда орналасқан?
4. Астанада нелер бар?
5. «Астана – біздің мақатнышымыз» сөйлемін кім орыс тіліне аударады?
Венн диаграммасы бойынша Астана және Алматы қалларын салыстыру.

Не білемін?
Не білдім?
Не білгім келеді?
VI. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма: 2 - жаттығу, 43б. сөздікті жаттау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама