 
                            - 19 қаң. 2016 00:00
- 537
Астанада бірінші ауысымдағы 1-4 сыныптар үшін сабақ болмайды

Астанада қатты аяз салдарынан бірінші ауысымдағы 1-4 сыныптар үшін сабақ болмайды. Бұл туралы елордалық білім басқармасы хабарлайды. Бұл шешiм - ауа райының қолайсыздығы мен күннiң суықтығына байланысты қабылданып отыр.
Сондай-ақ, желдiң күшеюiне және кешке қарай ауа температурасының төмендеу ықтималдығына байланысты, екiншi ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары үшiн де сабақ болмайтын болды.
 
                         
                 
                         
                                             
                                             
                                                 
                                                 
                
























