informburo.kz
- 27 мам. 2026 13:00
- 15
Астанада тұрғындардың көп жылғы шағымынан кейін силикат зауыты бұзылады
Астанада көптен бері тұрғындардың наразылығын тудырып келген силикат зауыты бұзылады. Сот шешімі заңды күшіне еніп, қала әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы бұл жаңалықты растады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Промышленный» массивінің тұрғындары 2019 жылдан бері зауыттың жұмысына қатысты шағымдарын айтып келген болатын. Олар бұрынғы қала әкімі Алтай Көлгіновтен зауытты көшіру мәселесін қарауды сұраған еді. 2022 жылы экология министрлігімен бірге әкімдік сот арқылы кәсіпорынның қызметін тоқтатты. Жүргізілген жоспардан тыс тексеруде экологиялық нормалардың бұзылғаны анықталған.
Тұрғындар әлі де шағымдануда
Алайда, жергілікті тұрғындар зауыттың жұмысынан әлі де зардап шегіп жатқанын айтуда. Олар 2ГИС қосымшасында кәсіпорынға қатысты жағымсыз пікірлер қалдыруда. Тұрғындардың айтуынша, зауыт әлі де жұмысын жалғастыруда.
Басқарманың түсіндіруінше, сот шешімі бойынша зауыт объектілері мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп алынады. «Қаланың оң жақ жағалауындағы сауда және өнеркәсіп объектілерін жаңғыртуға қатысты хабарлаймыз, силикат зауыты объектілеріне қатысты мемлекеттік қажеттілік үшін мәжбүрлеп тәркілеу туралы шешім қабылданды. Соттың заңды күшіне енген шешіміне сәйкес, бас жоспарға сәйкес жобаны одан әрі іске асыру мақсатында силикат зауытының ғимараттары мен құрылыстары бұзылуға жатады», — делінген басқарманың жауабында.