Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 34 минут бұрын)
Астанадағы сауда орталығындағы төбелес видеоға түсіп қалды

Астанадағы сауда орталығында жасөспірімдер арасында болған жаппай төбелес видеоға түсіп қалды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.

Оқиға 26 наурызда болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода бір топ жас жігіттердің «Көктал» сауда орталығында ұйымдастырған бұзақылығы көрінеді. Төбелес орталықтағы тыныштықты бұзып, келушілерді алаңдатқан.

Астана қаласы полиция департаментінен хабарлағандай, қақтығысқа қатысқан барлық тұлғалар, оның ішінде кәмелетке толмағандар да анықталды. Олардың барлығы Сарыарқа ауданы полиция басқармасына жеткізілді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция ата-аналарды бала тәрбиесіне, олардың бос уақытын бақылауға және қоғамдық орындардағы мінез-құлық нормаларын түсіндіруге шақырды.

Жаңалықтар

Жарнама