Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Асханадағы ыдыс - аяқтар
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Асханадағы ыдыс - аяқтар
Мақсаты: • ыдыс - аяқ туралы түсініктерін кеңейту;
• үлкенді сыйлауға тәрбиелеу;
• дыбыстарды анық айтуға үйрету.
Қажетті құрал - жабдықтар, көрнекіліктер: Ойыншық мысық, ыдыс аяқтардың суреті.

Мотивациялық – қозғаушы
Тәрбиеші балабақшадан мысықты кездестіргенін айтады. Оларға ойыншық мысықты көрсетіп:
• Балалар, қараңдаршы, мен бүгін бақшадан Мақтақыздың мысығын кездестірдім. Қане оған жағымды, еркелететін сөздер айтайықшы.
Мысықпен сөйлескен кейіп танытады:
• - Мысықай - пысықай, сен Мақта қыздың сүтін тағы да төгіп алдың ба?
• - Балалар, ол осы жолы Мақта қыздың олы кесесін сындырып алыпты. Оған Мақтақыз ренжіп, басқа кесе алып келмесең үйге кіргізбеймін деген екен
• - Біз оған қалай көмектесе аламыз?
• Дұрысы, ермексаздан сынбайтын кесе жасап берейік.

Ұйымдастыру іс - әрекеті
«Ас бөлмесіндегі ыдыстар» ойыны
Сұрақтар қояды:
- Мынау не?
- Оны қайда қайнатамыз?
- Шәйнек пен қазан ұқсас па?
- Неге? т. б

Сергіту сәті:
Өлең жолдарын балалармен бірге айтады. Қимылдарды жасап көрсетеді.
Сәлем, мен шәйнекпін,
Өзім үлкен, жуанмын
Міне, менің қолым
Міне, менің мұрным
Шай қайнайды - пф - пф - пф
Енді оны құямын
«Ұқсасын тап» д/о
Тәрбиеші шәйнек, табақ, кесе, қасықтың суреттері бар плакатты көрсетеді
Ақ - ақ - ақ
Қандай үлкен...(табақ)
Ға - ға - ғ
Қант саламын...(шәйға)
Асханадағы ыдыс - аяқтар жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама