Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 28 мам. 2026 11:00
- 32
"Бәрімізге сондай қайырлы ғұмыр берсін": Айман Талғатқызы жақынының қазасын хабарлады
Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Айман Талғатқызы Instagram парақшасында жақынының қазасы туралы хабарлап, көңіл айту желісін жариялады. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жан досының анасы өмірден озды
Айман алғашқы жазбасында жан досының анасының қайтыс болғанын айтып, марқұмға Алладан жәннәтты нәсіп етуін тіледі. Ол бұл туралы досымен бірге қызметте болғанын жеткізді.
Ұзақ әрі берекелі ғұмыр
Кейінгі жазбаларында Айман марқұм апаның өмір жолына тоқталып, оның 100-ге жуық жасқа келгенін, ұзақ әрі бақытты ғұмыр кешкенін атап өтті. Апаны алты қызы мен күйеу балалары ерекше құрметтеп, бар жағдайын жасағанын, немере-шөбере сүйгенін айтты.
Ризашылық пен бата
Айманның айтуынша, марқұм өмірден өтер алдында жақындарына ризашылығын білдіріп, батасын беріп кеткен. "Бәріне, бізге де рақметін айтып, батасын беріп, разы екенін айтып, алдын ала бәрін тапсырып, мәңгілік сапарға аттанды. Бәрімізге сондай қайырлы ғұмыр берсін", - деп жазды ол.
Сондай-ақ, ол көпшіліктен орынсыз пікір жазбауды сұрап, өзінің жағдайды түсінетін жаста екенін меңзеді.