img.bes.media
- 28 мам. 2026 03:30
- 20
Ресей президенті Владимир Путин Астанаға келді
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Астанаға келді. Мемлекет басшысын әуежайда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ресей президентінің ұшағын кімдер күтіп алды?
Ресей президентінің ұшағы Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәттен бастап Астана әуежайына қонғанға дейін Қазақстанның Әуе қорғаныс күштерінің жойғыш ұшақтарының сүйемелдеуімен ұшып келді.
Әуежайда ресейлік көшбасшыны ресми делегациямен бірге, Қазақстан мен Ресей туларын ұстаған балалар және М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының барабаншылары құрметті қарауылмен қарсы алды. Салтанатты рәсімнен кейін әуежай үстінде екі елдің мемлекеттік тулары ілінген тікұшақтар пайда болды.
Терминалда Ол-Фараби атындағы Оқушылар сарайының домбырашылар ансамблі мен халықаралық байқаулардың лауреаты, баянист Радмир Хайбуллин Құрманғазының күйлері мен орыс музыкалық шығармаларының попурриін орындады.
Визиттің мәні неде?
Ресей президенті Владимир Путин 27-29 мамыр аралығында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Осы күндері Астанада Еуразиялық экономикалық одағының отырысы өтеді.
Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков бұған дейін хабарлағандай, әуежайдағы ресми кездесуден кейін екі ел басшылары «Кедровый дом» резиденциясына барып, жеке әңгіме жүргізіп, бейресми түскі ас ішеді.
Келіссөздердің негізгі бөлігі 28 мамырға жоспарланған. Екіжақты ынтымақтастық алдымен жабық форматта, содан кейін делегациялар қатысымен талқыланады. Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылып, БАҚ өкілдеріне бірлескен мәлімдеме жасалады деп күтілуде.
Саяси күн тәртібінен бөлек, тараптар бірнеше бірлескен бастаманы ұсынады. Олардың қатарында бірінші халықаралық ұшқышсыз жүк тасымалдау желісін іске қосу, «Қазақстан-Сириус» орталығын құру, сондай-ақ «Іле-Балқаш» табиғи қорығында амур жолбарысының популяциясын қалпына келтіру жобасы бар.
Президенттер ЕАЭО шараларына да қатысады. Бағдарламаның жеке тармағы ретінде Қазақстан мен Ресей арасындағы Мәңгілік достық аллеясына ағаш отырғызу қарастырылған.