Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 42 минут бұрын)
Бұрынғы миллиардер Балушкин зауытының жаңа иесі анықталды

Бұрынғы миллиардер, сотталған Анатолий Балушкинге тиесілі Өскемендегі «Азия Авто – Бипэк Авто» автозауытының құрылысы аяқталмаған нысаны Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің балансына беріліп жатыр. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Зауыт әкімдікке тегін берілді

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, конфискеленген мүлік әкімдік балансына тегін берілген. Әкімдік бұл аумақты кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту үшін пайдалануға ниетті.

Зауыт аумағындағы мүліктер

Зауыт аумағындағы тауарлар мен материалдардың жалпы құны шамамен 124 миллион теңге деп бағаланған. Онда 37 мыңнан астам мүлік бар.

«Бипэк Авто» ісі

Анатолий Балушкин 2021 жылы аса ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық іс бойынша іздеуге берілген болатын. Кейіннен, 2025 жылы ол 9 жылға бас бостандығынан айырылып, сотталды. Оның сыбайласы Ерік Сағымбаев та 8,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Екеуі де сырттай сотталды.

Сот Балушкин мен оның сыбайласының 2013-2020 жылдары аралығында «Азия Авто – БИПЭК Авто» арқылы 66 миллиард теңге несие алып, оны жымқырғанын анықтады. Мемлекетке келтірілген жалпы шығын 173 миллиард теңгеге бағаланған.

Жаңалықтар

Жарнама