Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ата-аналардың келісімімен мектептерде бірнеше пән ағылшын тілінде оқытылмақ

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Алматыдағы ұстаздар қауымымен кездесуінде мектептердегі пәндерді ағылшын тілінде оқыту "ата-аналардың келісімі" бойынша жүретінін мәлімдеді деп жазады Kazdala.kz.

2018 жылдан бастап жаратылыстану ғылымдары ағылшын тілінде оқытылуы мүмкін. "Қазақстан тарихы" пәні жоғарғы сыныптарда - қазақ тілінде, "Дүниежүзі тарихы" орыс тілінде оқытылмақ.

"Үстіміздегі жылдың күзінен бастап жүздеген жаңа сынып ағылшын тілінде оқи бастайды. Қазір 2 700 оқытушы 120-дан астам мектепте ағылшын тілінде оқытып жүр. Ағылшын тіліндегі пәндерді оқыту ата-ананың жазбаша рұқсатымен ғана жүреді", - деді министр.

Министрдің сөзінше, биылдан бастап бес мыңнан астам мұғалім тіл курстарынан өтеді. Сондай-ақ, Сағадиев жоғарғы сыныптарда төрт пәнді ағылшын тілінде 2018 жылдың аяғына таман оқыта бастайтындығын мәлімдеді.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама