- 14 жел. 2019 00:00
- 277
Атырау спортының дамуы
Спорттың адамға берер пайдасы өте көп десек те болады. Тіпті қазіргі таңда спорт түрлері көбейіп, спортшыларымыз жақсы дәрежеде өнерлерін көрсетіп жатыр. Қазақстанда спорт жақсы дамыды. Біз олимпиадалық спорт түрлерін айтатын болсақ өте көп. Бүгінде жаттығып жатырған спортшыларымыз жақсы деңгейде. Қазіргі таңда Қазақстан мемлекетінің спортшылары мен спорты туралы айтатын болсақ, Азиялық спорт түрлері өте жоғарғы деңгейде келе жатыр. Мысалы, Ережесіз жекпе-жек, самбо, муай-тай, джиу-джитсу тәрізді олимпиадалық емес спорт түрлері жақсы тәжірибе көрсетуде. Осы спорт түрлерінен джиу-джитсу спорты туралы айтатын болсақ ол Жапон елінің шығыс жекпе жегі, және ол иіліп тұрып жеңіске жету дегенді білдіреді. Джиу-джитсудың негізгі бағыты өзін өзі қорғау. Біздің елімізде бұл спорттың дамуына 30 жыл толды. 1989 жылы Қазақстанда ең алғаш ашылды. Ал Атырау облысында 2007 жылы заңды тұлға болып тіркелді.Осы уақыт ішінде Қазақстанның жетістігі,ол осы спорттан еліміз әлем бойынша 2ші орында тұр. Джиу-джитсу 2015 жылда қауымдастық бірікті. Осы спорт түрі Атырау қаламызда да жақсы дамып келе жатыр, Тіпті Азия чемпионаты бойынша Атырау қаласында 2 алтын бар. Бұның өзі үлкен жетістік. Атырау федерациясының директоры, аға жаттықтырушысы Айбар Есенгалиев қаламызға джиу-джитсу академиясын ашты.Аға жаттықтырушының алдағы мақсаты осы залда спортшыларымызды алға қарай дамыту. Бұл спорт түріне қызығатын жасөспірімдер өте көп. Себебі бұл спорт түрі жаңадан дамып, жақсы нәтиже көрсеткенін көрген жасөспірімдер қызыға бастады. Осы спорттан қазақстандық спортшыларымыз жақсы деңгейге жетіп, әлемдік жарыстан орын алып келгендер көп. Соның ішінде Атырау қаласының мақтанышы 56кг салмақ дәрежесінде күміс жүлдегері Нұрлыбаев Жеңіс. Ол бұдан бөлек Азия чемпионы. Ол джиу-джитсу спортына қатысқанына бүгінде 10жыл. Осы уақыт ішінде ол көптеген жарыстарда топ жарды. Спортшы бауырымыз басқа қалаларда Атыраудың мықтылығын көрсетіп, шет елде Қазақстанның туын желбіреткен. Джиу-джитсу барлық спорт түрін қамтығандықтан, Жеңістің қызығушылығын артқан болатын. Спортшымыздың алдағы мақсаты әлем чемпионы болу.
Джиу-джитсу спорты туралы адагер спортшымыз Тыныс Бисалиев пікір қалдырған болатын. Джиу джитсу қазір әлем бойынша мықты дамып келе жатырған спорт түрі. Кеше ғана 2018 жылы Индонезияда жазғы Азия ойындарына неваза джиу джитсу кірді, оны арабтар үлкен еңбекпен кіргізді. Бұл спорт түрі олимпиадалық спорт емес болсада, күні кеше Абу-Даби қаласында өткен әлем чемпионатында 60 тан жоғары мемлекет қатысты. Джиу-Джитсу олимпиадалық емес спорт болса да, олимпиадаға кіру үшін мықты қатарда келе жатыр. Джиу-Джитсу көптеген спорт түрлерін қамтиды. Халықаралық джиу-джисту жақсы жұмыс жасауда. Алматыда Джиу-джитсудан жыл сайын республикалық турнирлер өтіп жатыр.Бізде 2020 жылдан бастап Атырау қаласында да республикалық турнирді бастаймыз. Яғни Атырау да жыл сайын республикалық турнирлер болатын болады. Біз Атырау облысының дамуына үлкен үлес қосып жатырмыз. Алдағы уақытта мақсатымыз көп, шет елдерде бізді үлкен-үлкен турнирлер күтіп тұр. Биыл біздер жоғары спорт шеберлігі мектебіне кірдік. Бұның өзі біз үшін үлкен жеңіс. Жұмыстың жеңілі болмайды өз спортымызды дамытуға бар күшімізді жұмсаудамыз. Болашақта Джиу-джитсу спорты олимпиадалық спорт түріне кіреді деген сенімдеміз.
Дайындаған: Халел Досмұхамедов атындағы
Атырау мемлекеттік университеті
Журналистика кафедрасы Набиева Арманай