Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Атырау облысында аудан әкімінің орынбасары жол апатынан қайтыс болды

Атырау облысында ауыр жол апатынан Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Игали көз жұмды. Қайғылы оқиға бүгін таңертең тасжолда болды. Шенеунік қызметтік көлікпен жұмысқа бара жатқан.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алдын ала деректерге сүйенсек, аудан әкімінің орынбасары отырған автокөлік жолда аударылып кеткен. Апат салдарынан Ерболат Игали оқиға орнында қаза тапты. Көлікте болған жүргізуші аман қалды.

Атырау облысы әкімдігінің мәліметінше, марқұм 45 жаста болған. Оның артында бес баласы қалды. Ерболат Игали еңбек жолын жергілікті газетте тілші болып бастап, 2023 жылдың қаңтар айынан бері аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.

Жаңалықтар

Жарнама