Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Атырауда жоғалған отбасы: Ақбаянға қатысты күдікті деректер анықталды

Атырау облысында ата-анасын өлтірді деген күдікпен Индонезияда ұсталған Ақбаян Мұқанғалиева мен Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты жаңа деректер шықты. Желіде ерлі-зайыптылардың қолына кісен салынған күйі түскен суреттері пайда болды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Суретте Сұлтан Сәрсемәлиевтің екі қолына да кісен салынғаны, ал жанында отырған Ақбаян Мұқанғалиеваның қолында кісеннің жоқ екені байқалады. Олардың артында тұрған адамдар Индонезия полициясы қызметкерлері болуы мүмкін.

Қамауға алу және экстрадициялау

Бұған дейін ерлі-зайыптылар Ломбок аралының Сенару ауылында ұсталған болатын. Қазіргі уақытта оларды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр. Арнайы операция 24 ақпанда жүргізілген. Құқық қорғау органдары қонақүйге кірген кезде Сәрсемәлиев қашуға тырысқанымен, ұсталып қалған.

Желідегі пікірлер

Әлеуметтік желі қолданушылары Ақбаянның жағдайына алаңдаушылық білдіріп, оның есін білмейтіндей, өздігінен жүріп-тұра алмайтын халде екенін айтуда.

Қылмысқа қатысты мәліметтер

Еске сала кетейік, Сәрсемәлиев пен Мұқанғалиева былтыр қараша айында Атырау облысының Жангелдин ауылында Мұқанғалиеваның ата-анасын өлтірді деген күдікке ілінген. Қаза тапқан ерлі-зайыптының денелері өз үйлерінің қора-жайының астынан табылған. Тергеу нұсқасы бойынша, күдіктілер қылмыс іздерін жасырып, мүліктер мен ақшаны иемденген.

Жаңалықтар

Жарнама