Атырау ПД
- 10 қаң. 2026 05:02
- 24
Атырауда тағы бір адам жоғалып кетті
Атырауда тағы бір адам жоғалып кетті. Бұл жолы 59 жастағы Талғат Назаров есімді ер адам іздестіріліп жатыр. Ол 2026 жылғы 9 қаңтар күні шамамен сағат 13:30-да үйінен шығып, осы уақытқа дейін қайтып оралмаған.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Іздеу жұмыстары жалғасуда
Талғат Назаров Кокарна шағынауданында тұрған. Оның бойы шамамен 170–175 см, дене бітімі орташа. Үстінде қара түсті күрте және қара түсті шалбар болған.
Полиция жоғалған адамның жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтарды құқық қорғау органдарына хабарлауды сұрайды.