Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Атыраудағы трагедия: Күдіктілер елге жеткізіледі

Атырау облысы Жангелдин ауылында орын алған қайғылы оқиғаға қатысты жаңа деректер анықталды. Индонезияда қолға түскен күдіктілер, марқұмдардың күйеу баласы Сұлтан Сәрсенғалиев пен қызы Ақбаян Мұқанғалиева жақын арада елге жеткізіледі.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Күдіктілерді экстрадициялау мәселесі шешілді

Сенат отырысынан кейін Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов екі күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау жұмыстарының аяқталғанын растады. Олар шетелдік әріптестердің көмегімен жақын күндері елге жеткізіледі. Келу бағыты да нақтыланып, пысықталған.

«Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша екі күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілді. Олар жақын арада шетелдік әріптестеріміздің көмегімен елге жеткізіледі. Келу маршруты да алдын ала пысықталды. Әрі қарай іс қолданыстағы қылмыстық заңнамаға сәйкес жүргізіледі», - деді Санжар Әділов.

Жаңалықтар

Жарнама