- 05 нау. 2024 01:30
- 134
Аялайық ананы!
Тақырыбы: Аялайық ананы!
Мақсаттары: 1) Адамзат баласын жарық дүниеге әкеліп, оны тәрбиелеп өсіретін ана екенін түсіндіру; 2) Ана еңбегін ешнәрсемен өлшеуге болмайтынын, түн ұйқысын төрт бөліп, баласын азамат етіп тәрбиелейтінін, сондықтан да барлық ананы сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу; 3) Балалардың анаға деген құрметін, балалық сезімдерін сөз арқылы жеткізе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қабырға газеттері, шарлармен безендіру, нақыл сөздер, гүлдер.
Барысы: Мұғалімнің кіріспе сөзі. Қайырлы күн, құрметті ата - аналар, ұстаздар және балалар! Бүгін біз көктемнің алғашқы күні аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын - құдіретті ана. Сол құдірет иесінің алдында бәріміз бас июге тиіспіз.
Ана – үйдің берекесі,
Бала – үйдің мерекесі.
Бұтағымен ағаш сымбатты,
Ұрпағымен адам қымбатты, десек өздеріңізге арналған «Аялайық ананы!» атты әдеби - сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
1 жүргізуші. Ақ сүтінен нәр алған. Ақ сүтінен нәр алған.
Анаға бас иеміз! Туған елдің тілі деп,
Туған жердің үні деп, Анаға бас иеміз!
2 жүргізуші. Біз мәңгілік сіздерге, аналар, борыштармыз дегім келеді. Мерекелеріңіз құтты болсын аяулы аналар!
1 - жүргізуші. Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген - бәйтерегі өмірдің
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ,- демекші, балаларыңыздың сіздерге арнап дайындаған ән - шашуы Сәлімбек Аққу мен Тастыбай Алинаның орындауында «Ана»әнін қабыл алыңыздар.
1 - оқушы.
Ана деген – асыл жандар, болаттай
Ана десең - мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар, қадірлей біл, Ананы
Жат қылыққа ақыл - ойды тонатпай.
2 - оқушы.
Ана десем, сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін
Орнап еді бар әлемге тыныштық.
3 - оқушы.
Ана десем, шешек атып жанары,
Өмірімнің бастау алар жаңа әні.
Ана деген тіршілікте пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
1 - жүргізуші: Ана, Ана, Ана!. Осы сөздің өзі адамға қандай күш береді! Дүниеде ананың мейіріміне, аялы алақанына не жетеді?! Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен жаралған. Халық арасында «Меккеге анаңды үш рет арқалап апарсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген сөз ананың соншалықты қадірлі екенін адамзатқа ұғындыру үшін айтылса керек. Сондықтан бұл сөзімнің мәнін ананың қабағына кірбің түсірмей аялап ғұмыр кешу деп ұғамыз. Олай болса, бүгінгі, ән - жырымыз сіздерге арналады аяулы аналар!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.