Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Азаматтарды онлайн-тіркеу қызметі пилоттық режімде іске қосылды

Азаматтарды онлайн-тіркеу қызметі пилоттық режімде іске қосылды. Бұл туралы Ақпарат жəне коммуникациялар министрі Дəурен Абаев әлеуметтік желіде хабарлады.

«Достар, министрлік айтқан мерзімнен екі апта бұрын «электрондық үкімет» веб-порталында азаматтарды уақытша тіркеу қызметі пилоттық режімде іске қосылды.

Әзірше тестілік жұмыстар жүріп жатқандықтан, тіркеу қызметінде кейбір кідірістер болуы мүмкін. Бұл мәселеге түсіністікпен қарауға шақырамыз. Осы аптаның соңына дейін аталған қызметке мониторинг жасалып, қажет болған жағдайда жетілдіру жұмыстары жүргізіледі», - деп мәлімдеді министр.

Тіркеу жөніндегі нұсқаулықты мына  сілтемеден көруге болады. 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама