Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 16 сағат бұрын)
Бағандар. Беттің өлшемдері, ернеулері
Сабақтың тақырыбы: Бағандар. Беттің өлшемдері, ернеулері.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға Microsoft Word бағдарламасының әртүрлі құралдарын қолдана отырып, мәтінді бірнеше бағанға рәсімдеуді, парақ өлшемдерін келтіруді үйрету; оқушылардың шығармашылық қиялдарын дамыту;
2. Оқушылардың есте сақтау қабілетін және зейінін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру топпен, жұппен жұмыс жасауға, өзін - өзі бағалауға үйрету;
3. Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: Көрсете - баяндау, пікірлесе - түсіндіру, топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: ДК, слайдтар, оқулық, плакаттар, алма ағашының модульі, стикерлер, маркерлер, бағалау парағы.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеу және екі топқа бөлу (2 мин).
2. Үй тапсырмасын тексеру: «Миға шабуыл» (6 мин).
3. Жаңа тақырып түсіндіру: “Мағынаны тану” (10мин).
4. Компьютермен тәжірибелік жұмыс (10 мин).
5. Сергіту сәті (2 мин)
6. Білімдерін тиянақтау: постермен жұмыс (6 мин)
7. Өзін - өзі тексеру: тест жұмысы (5 мин).
8. Үй тапсырмасын беру, бағалау (2 мин)
9. Рефлексия (2 мин).

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды амандасу, түгендеу және екі топқа бөлу. оқушыларды топқа бөлу үшін алма ағашының модулін және алма бейнесіндегі стикирді пайдалану. Топ басшыларын оқушылавр өздері тағайындайды. Топ басшысына бағалау парағы таратылады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Миға шабуыл»
1. Тізім деп нені түсінесіңдер?
Тізім деген қандайда бір шамалардың реттелген жинағы. Тізім тұрмыста көп әрекеттерде қолданылады: оқушылар тізімі, олимпиадаға іріктеу сынынан өткен спортсмендер тізімі т. б.
2. Тізімнің түрлерін атаңдар? Нөмірленген, маркерленген және көпдеңгейлі
3. Маркерленген тізімдегі маркердің түрін қалай өзгертеміз? Маркер батырмасын шертіп→Жаңа маркерді анықтау бұйрығын таңдаймызда, қажетті таңбаны таңдар ОК батрмасын шертеміз.
4. Нөмірленген тізімді баптауға бола ма? болады, ол үшін тізім батырмасын шертіп→Нөмірдің жаңа пішімін анықтау бұйрығын орындаймыз
5. Тізім ретінде латын әріптерімен рим сандарын пайдалануға бола ма? Болады
6. Жолақтың тізімдермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бөлімі қандай? Басты→Абзац
7. Нөмірленген тізімді автоматты түрде құру үшін не істеу керек? Тізімнің құрамындағы бірінші пунктті 1 нөмірінен, нүктеден және бос орыннан бастау керек.

ІІІ. Мағынаны тану.
Мәтінді немесе оның бөліктерін бірнеше бағанға орналастыру үшін Бетті белгілеу => Бағандар батырмасын пайдаланады. Алдын ала теріліп қойған мәтінді де бағандарға бөліп орналастыруға да, алдымен мәтіннің бағандарға бөлінуін тағайындап алып, одан кейін бағандарға мәтін теруге де болады.
Екінші тәсіл компьютерді игерудегі үлкен шеберлікті талап етеді. Негізі, көпбағанды мәтінді құрғанда мәтіндік процессордың бұйрықтарын игерудің жақсы машықтары қажет, себебі сендерге күтпеген нәтижелер алу жағдайлары жиі кездеседі. Мысалы, баған жаңа бетке ауысып кетуі немесе басқа бағандар көп орын алып, толықтай толып жатқанда бір баған бос күйінде қалып қоюы мүмкін. Өздеріңді осындай келеңсіздіктерден қорғау үшін мына жағдайларды есте сақтау керек:
1. Бағандарға бөліну пішімдеу сызғышында жеке ақ жолақтармен көрінеді. Қай бағанда жұмыс істеп жатсаңдар, сызғыштың сол бөлігінде азат жол мен абзац шекараларының маркерлері көрсетіледі. Осы маркерлердің бағанның шетінен шығып кетпеуін қатты қадағалаңдар! Әйтпесе мәтіннің бөлігі «жоғалғандай», яғни мәтін бағанның сыртында орналасқандай болады.
2. Бағандардың мөлшерін бір - бірінен тәуелсіз Бетті белгілеу => Бағандар => Басқа бағандар бұйрығымен баптай аласыңдар.
3. Мәтіннің бағандарға дұрыс бөлінбеуіне әкелетін кез келген әрекетті түзетуге тырысқаннан гөрі, одан Тез қол жеткізу тақтасы => Бас тарту бұйрығы көмегімен бас тартқан жөн. Түзетемін деп, құжатты мүлдем бұзып алуларың мүмкін.
4. Мәтінді бағандарға бөлмес бұрын оны әрқашан жаңадан бастай алатындай етіп дискіге сақтап қойған дұрыс. Сәтсіздік жағдайында бұл құжатты түзету әрекетіне қарағанда жақсы нәтижеге алып келуі мүмкін.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама