Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
«Баянда да бет жоқ»: Блогер Мөлдір Әуелбекованы келеке еткендерді сынады

Сұлулық салонының иесі Нұрлан Әлімходжаев әнші Мөлдір Әуелбекованы желіде мазақ етті. Ол Кешьюдің концертіне келген Баян Мақсатқызына «Ұстазым. Мөлдір, жыныма тиме» деген жазуы бар гүл сыйлаған екен. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Нұрлан Әлімходжаев өзінің Instagram парақшасында бұл жайтқа қатысты пікір білдіріп, өнер иесінің эго туралы емес, көрерменді құрметтеу туралы болуы керектігін айтты.

Блогер Қанат Майлыбайдың жауабы

Блогер Қанат Майлыбай Нұрлан Әлімходжаевтің бұл әрекетін қатты сынға алды. Ол Әлімходжаевтің хайп іздеп жүргенін айтып, Мөлдір Әуелбекованың жағдайын түсіндірді.

«Мына бет бояйтын өзіне хайп жинап жатыр. Өйткен хайптарың құрсын. Мөлдір қара домбыраны арқалап, өз күнін өзі көріп жүрген жалғызбасты ана. Бір шалынды, айтарын айтты. Бұлай қоймайды ғой енді. Баянда бет жоқ, ол да күліп тұр. Баян, енді сенікі ұяттау. Концертің өтті, алғысыңды алдың. Олай жерлей берудің қажеті жоқ. Қатын сияқты қасындағы жігітке жүрегім айниды», - деді блогер.

Жаңалықтар

Жарнама