Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 03 мам. 2026 22:00
- 37
Бакуға ұшқан ұшақ Қазақстан аумағында шұғыл бұрылды
Ресей авиакомпаниясының Бакуге бағыт алған ұшағы Қазақстан аумағында ұшып бара жатқанда, шұғыл түрде бұрылып, Омскіге қонды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Басылымның хабарлауынша, MASH арнасының мәліметіне сүйенсек, ұшақтағы жолаушылардың бірінің жағдайы күрт нашарлаған. Нақты не болғаны және оның қазіргі жағдайы туралы ақпарат берілмеді.
Жағдайға байланысты экипаж ұшуды жалғастырмау туралы шешім қабылдап, ұшақты мүмкіндігінше тезірек жерге қондыруды ұйғарған. Омскіде жолаушыны жедел жәрдем күтіп тұрды. Кейін ұшақ Бакуге ұшуға дайындалған.
Ресей БАҚ-тарының мәліметінше, мұндай жағдай соңғы уақытта жиілеп кеткен.