- 22 мау. 2015 00:00
- 271
Бала қарға
Ана қарға жаңа ұшырған балапанын ертіп алып, айдалада жатқан жемтікке келіп қоныпты. Балапаны анасына да билетпей бас салып, жемтікті шоқи беріпті.
Ана қарға болса, жан-жағына жалтақтай қарап:
— Балам, біздің жауларымыз көп... Сондықтан тамақ жегенде, бір шоқып, төңірегіңе бір қарап ал, – деп ақыл айтыпты.
— «Сақтықта қорлық жоқ», апа. Өзің бір шоқып, жан-жағыңа екі қарай тұр, – деп, бала қарға жемтікті шоқи берген екен. Содан бері қарғалар бір шоқып, жан-жағына екі қарайтын болыпты.