Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Балабақшада жүгіруге арналған ойындар картотекасы
Балабақшада жүгіруге арналған ойындар картотекасы
Карточка№1
Ұшқыштар

Мақсаты: балаларды бір - біріне соғылмай жүгіруге, белгі бойынша қозғалуға үйрету; кеңістікті дұрыс бағдарлауларын дамыту.
шарты: Балалар 3 - 4 топқа бөлінеді. Олар бірінің соныңнан бірі қолбасшының артында тұрады. Түрлі - түсті жалаушалармен белгіленген алаңдарда топтар орналасқан. Бұл - әуежай. «Ұшқыштар ұшуға дайындалыңдар» - деген тәрбиешінің белгісімен балалар әртүрлі бағытта жүгіреді, өз ұшағының қасында тоқтайды, жанармай құйып алады /еңкейеді/, моторды айландырады /қолдарымен кеуденің тұсында айландырады/, қанаттарын жан - жаққа созады, ұшады /әртүрлі бағытта жан - жаққа жүгіреді/. Ұшақтар тәрбиеші «қоныңдар», - деген белгі бергенше ауада ұшып жүреді. Бұдан кейін қолбасшы топтарын жинап әуежайға қонуға әкеледі. Қай топ бірінші келеді, сол жеңеді. Ойын 4 - 5 рет қайталанады.
Ұсыныс: ойында әртүрлі құралдарды пайдалануға болады. Әуежайды белгілеп қойған жалаушаларды тәрбиеші білдірмей ауыстырып қояды. Қолбасшының топтарын әуежайға дұрыс орналастыруы қажет.

Карточка №2
Түрлі - түсті көліктер

Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл - қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын дамыту.
шарты: Балалар бөлменің қабырғасының жаңында тұрады. Олар - гараждағы көліктер. Әр ойнаушы қолдарына жалау немесе картоннан жасалған түрлі - түсті диск ұстап жүреді. Тәрбиеші бөлменің ортасында тұрып, ойынаушыларға қарап тұрады, оның қолында 1 жалауша /2 немесе 3 бірге/, біреуін көтерген кезде сол түсті көліктердің жүрісін, дауысын келтіріп жүреді. Тәрбиеші жалауын түсірген кезде, көліктер тоқтап, бұрылып, гаражға барады. Ойын 4 - 6 рет қайталанады.
Ұсыныс: тәрбиешіде қызыл түсті жалау болуы мүмкін. Байқаусызда ол жалауды көтереді - белгі бойынша барлық көліктер тоқталуы қажет.

Карточка №3
Торғайлар мен мысық

Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл - қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту.
шарты: Жерді шеңбермен белгілеу керек /5 - 6м. диаметрмен/. Ортада тәрбиешімен тағайындалған бала жүреді – ол мысық. Қалған балалар шеңбердің сыртында - олар торғайлар. Мысық ұйықтап қалады. Торғайлар шеңбердің ішіне дән жеуге кіреді. Мысық оянып кетеді де, торғайларды көріп, оларды ұстай бастайды. Торғайлар шеңберден шығуға асығады. Шеңбердің ішінен мысыққа ұсталған торғайлар, шеңбердің ортасында қалады. Мысық 2 - 3 торғайды ұстаған соң, тәрбиеші жаңа мысықты таңдайды. Ұсталған торғайлар басқа ойынаушыларға қосылады.. ойын 4 - 5 рет қайталанады.
Ұсыныс: мысық ақырын барып торғайларды ұстайды /қатты ұстамай, ақырын ғана қолын тигізеді/.
Балабақшада жүгіруге арналған ойындар картотекасы жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама