Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Балабақшаға бармаған баланың орны сақталады - Асхат Аймағамбетов

Коронавирусқа байланысты балабақшаға бармаған баланың орны сақталып қалады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төтенше жағдай енгізу туралы Жарлығының шеңберінде білім және ғылым салаларында алдын алу шаралары жүргізілуде. Мұның алдында да осы туралы хабарлама берген болатынбыз. Жалпы Білім және ғылым министрлігінің Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында тиісті, арнайы бұйрық қабылданды. Бұйрық бойынша мұғалімдердің, директорларлың және басқа да білім саласы қызметкерлерінің істейтін жұмыстары туралы біз қадам-қадам бойынша жіктеп, тапсырмалар бердік», - дейді Асхат Аймағамбетов.

Ол осы салаға қатысты бірқатар мәселе бар екенін айтты.

«Біріншіден, мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне қатысты мәселе. Балаларын балабақшаға апару-апармау мәселесін ата-аналар өздері шешеді. Бұрынғыдай бала балабақшаға бірнеше күн келмесе орнын алып қоятын норманы алып тастадық. Коронавирусқа байланысты бала балабақшаға бірнеше күн келмесе де орны сақталып қалады. Бұл мәселені осылай шештік. Біз жүргізген мониторинг нәтижесі бойынша, бүгін - төтенше жағдайдың бірінші күні еліміздің балабақшаларға балалардың 40%-ы ғана барған. Қалғаны үйде қалып отыр. Мүмкіндік болатын болса, ата-аналарға балаларын үйде алып қалуды ұсынамыз», - дейді ол.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама