- 01 мау. 2018 00:00
- 297
Балалардың валеологиялық іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру, салауатты өмір салтының құндылықтарын меңгеруге бейімдеу
Міндеттері:
- өзінің денесі мен денсаулығына, ағзасына ұқыпты қарау дағдыларын қалыптастыру;
- мəдени-гигиеналық дағдылары мен салауатты өмір салты дағдыларын жетілдіру;
- қоршаған ортада өзін-өзі ұстау қауіпсіздік ережелерін үйрету;
- өз-өзіне қарау дағдыларын (ауа райына байланысты киіну, жуыну, тарану, бет орамал қолдану, киіміндегі кемшіліктерді жөндеу);
- дұрыс тамақтану, аурудың алдын алу дағдыларын;
- еңбек пен демалысты кезектестіре білу дағдыларын қалыптастыру жəне дамыту;
- өз еріктерімен гигиеналық шараларды орындау дағдыларын бекіту.
Бала ағзасын шынықтыру мақсатында іс-шаралар өткізу, əр түрлі шынықтыру шараларын (беті, қолын, мойнын салқын сумен жуу, жалаң аяқ жүру, салқын сумен аузын шаю, аяқ-қолына су құю) жүзеге асыру. Күн тəртібіне байланысты күнделікті балалардың таза ауада болуын қамтамасыз ету. Ауа райына байланысты киінуге, үнемі серуендеуге, жаттығулармен айналысуға, күн тəртібін бұзбауға үйрету. Гимнастика мен сылау (массаж) шараларын (таңтаңғы, тыныс алу, артикуляциялық гимнастика, көзге, тіске арналған гимнастика жəне тіс жиегіне, қол мен табанға арналған сылау, нүктелі сылау) жүргізу. Табиғат жағдайында адамдардың əрекеттерімен байланысты (көзге бөгде заттардың түсуінен қорғану, құлап қалу, жарақаттанудан сақтану, таныс емес адамдармен кездескенде сақтық жасау, өзіне таныс емес саңырауқұлақ пен жемістерді жемеу, таныс емес жануарлармен байланысқа түспеу, таныс емес сұйықтықтың дəмін татып көрмеу) өзін-өзі ұстау қауіпсіздік дағдыларымен таныстыру. Қиын жағдайларда бір-біріне көмек көрсету тəсілдерімен таныстыру. Бағдаршаммен, көшедегі жол белгілерімен (жолаушы бөлігі мен жаяу жүргіншілер жолы), жолда жүру ережелерімен (жолдан қай жерден жəне қалай өту) таныстыру. Мəдени-гигиеналық шаралар жеке басының тазалығы мен салауатты өмір салты туралы жалпы білімдері мен ұғымдарын кеңейтіп, балалардың дағдыларын жетілдіру. Дене тазалығын сақтау (көшеден келгеннен соң, дəретханадан кейін, тамақ ішер алдында, ішіп болған соң қолын жуу, күнделікті жуыну, тісін тазалау, ұқыпты киіну, тарану), өз еркімен киіміндегі, шашындағы кемшіліктерді жөндеу жəне сабақ өтетін, ойнайтын, серуендейтін жерлерді таза ұстау сияқты пайдалы дағдыларын жетілдіру. Балаларды үстел басында ыңғайлы, дұрыс қалыпты сақтап, асхана құралдарын, орамалды қолдануға үйрету. Тамақтанудың мəдени дағдыларын қалыптастыру. Сабақ өтетін, ойнайтын, серуендейтін жерлердің тазалығын қадағалау, киімдері мен ойыншықтарын, кітаптарын өз орындарына жинау сияқты пайдалы дағдыларын жетілдіру. Өзінің жəне өзгенің заттарына ұқыпты қарауға тəрбиелеу.
Қорыта келгенде, бұл Денсаулық білім беру саласының базасының негізгі міндеті балаларды өнеге тəрбиеге баулып, еңбексүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру, адамның көркемдік-əсемдік танымына əсер ету. Дене күшін жан-жақты дамытуға арналған жаттығулар дене шынықтыру үрдісі кезінде спортшылардың қимыл шеберлігін, дағыдысын жетік игеруіне көмектесуі керек. Дене шынықтыру қағидасының еңбек ету жəне Отан қорғауға бейімдейтін қолданбалы ерекшелігін көрсетеді. Дене шынықтыру жаттығуларымен айналысу адамның денсаулығын нығайтып, қимыл ептілігі мен дағдысын меңгеруге көмектеседі. Жұмыс істеуге ынтасын арттырады.