Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 26 минут бұрын)
Бангладеште әке пойыз астына құлап кеткен сәбиін ажалдан арашалап алды

Бангладештегі теміржол станциясында пойызға мінгелі жатқан әкесінің қолынан бір жасар ұлы сырғып, рельс пен платформа арасындағы саңылауға құлап кеткен. Алайда, әкесі бірден ұлының соңынан секіріп, оны ажалдан арашалап алды. Бұл туралы Daily Sun басылымына сілтеме жасап Malim.kz хабарлады.

Оқиға кезінде пойыз қозғалып кеткен. Әкесі ұлын құшақтап, дөңгелектерден аулақтап, платформаның қабырғасына тығылған. Басылым мәліметінше, олардың үстінен сегіз вагон өтіп кеткен.

Таңғаларлық жайт, әке мен бала екеуі де аман қалды. Олар ауыр жарақат алмаған. Куәгерлер бұл оқиғаны нағыз керемет деп бағалап отыр. Станция қызметкерлерінің айтуынша, әкенің уақытылы әрекет етуі баланың өмірін сақтап қалған.

Жаңалықтар

Жарнама