Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Басыңыз ауырса...

Мамандар бас ауруын бірнеше тұрпатқа бөле­ді. Қажу салдарынан бастың ауруы тегінде бас пен мойынның бұлшық еттерінің ұдайы жиыры­ла беруінің салдарынан болады. Ол ауру бас сү­йегіңізді қыспаққа алып, қылқындырып жатқан­дай қинайды. Сақина (мигрень) ми артерияларының кенет тарылып кетуінен, сонан кейін кеңіп сала беруінен туындайды. Көбіне басыңызды бір жағынан ауыртатын, жүрек лоблытатын, тым жа­рық болуынан, қатты дыбыстан шошындыратын сырқат лүпіл қаққандай болып көрінеді. Клас­терлік бас ауру бәрінен азап. Ол ұзаққа созылып, ара ­тұра ұзақ уақыт бәсеңдейді. Соны арандату­шы — ішімдік, темекі.

— Бас бармақ пен сұқ саусақ арасындағы теріні қатты басып тұрып, айналдыра массаж жасаңыз. Ауру доғарылғанша бір қолдан екінші қолға көшіп тұрыңыз.

—  Басыңыз ауырғанда, аяғыңызды ыстық суға (күйіп қалмасын) батырыңыз. Қанды аяққа тар­тып, мұндай ванна бас артерияларындағы қысым­ды кемітеді. Бас тым қатты ауырса, ыстық суға қыша ұнтағын қосыңыз.

— Қатты қажудан бас ауырса маңдайыңызға не мойынның арт жағына ыстық компресс қойыңыз. Оның жылуы қажыған бұлшық етті жұмсартады.

— Алдыңғы кеңеске қарама-­қарсы дерлік тағы бір кеңес. Ыстық компрестен маңдайыңыз жылы­ған соң, соның орнына салқын компресс қоюға да болады. Бұл үшін мұз кесектерін орамалмен орай­сыз не мұздатылған көкөніс салынған дорбашық­ты пайдаланасыз. Қан тамырларын тарылтады.

— Салқын компресс орнына қолыңызды мұздай суға батырып, жұдырығыңызды ашып, жұмып тұ­рыңыз. Тым кеңіп кеткен қан тамыры тарылады.

— Бір шыныаяқ ащы кофе ішіңіз. Кофеин қан та­мырларын тарылтып, бас ауруын кемітеді.

— Бас ауырғанда маңдайыңыз бен желкеңізді қо­са шүберекпен қатты байлап тастаңыз. Кеңіп кет­кен тамырға қанның келуін азайтасыз.

—  Кейбір эфир майлары, әсіресе лаванда майы қажуды, соған байланысты бас ауруын жеңілде­теді. Оны шекеңізге, маңдайыңызға жайлап  жа­ғып, шалқаңыздан жатыңыз да, иіске елтіңіз. Қа­раңғы, тыныш, салқын бөлмеде жатсаңыз тіпті дұрыс.

— Жалбыз майын да пайдалануға болады. Ора­малыңызға бірнеше тамшысын тамызып, бірнеше рет жақсылап иіскеңіз.

— Жалбыз шайы салынған қалташықтың ылғал­ды екеуін судан арылтып, жабылған көзіңізге не маңдайыңызға қойыңыз.

— Бас ауруын жазуға әдетте зімбір (имбирь) пай­даланылады. Оның тамыр жемісін ұнтақтап, бір стақан суға бөкпен жасаңыз да, ішіп қойыңыз.

Оқуға кеңес береміз:

Бас ауруы

Халық емі: Бас ауруы, себептері мен емі

Бас сақинасы

Бас ауруының себептері


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама