Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 20 сағат бұрын)
Бастауыш сынып сабақ жоспарлары
Тақырыптар:
1. Көмектес септік (қазақ тілі)
2. Жыл мезгілдері (дүниетану)
3. М. Дулатов «Қыс» (ана тілі)


Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Көмектес септік
Сабақтың мақсаттар: Септік жалғаулары туралы білімдерін нақтылау. Оқушылардың сөздік қорын молайту, қазақтың салт – дәстүрін бойларына сіңіруге бағыт беру. Сауатты жазуға дағдыландыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Кесте, сызба, суреттер, парақшалар.

Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.
Қазақ тілім – өз тілім – ана тілім,
Абай, Мұхтар – сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Өткенді пысықтау. «Бәйге» ойыны.
40 – сөз таптарын ата
30 – етістік дегеніміз не?
50 – сөйлем дегеніміз не?
10 – сын есім дегеніміз не?
60 – «гүл» сөзін септе
20 – «кебеже» сөзін тәуелде
50 – сөз нені білдіреді?
15 – сан есім дегеніміз не?
80 – одағай дегеніміз не?

IV. Жаңа сабақ
Атау септік: кім? не? Оқушы, шөп
Ілік септік: кімнің? ненің? Оқушының, шөптің
Барыс септік: кімге? неге? Оқушыға, шөпке
Табыс септік: кімді? нені? Оқушыны, шөпті
Жатыс септік: кімде? неде? Оқушыда, шөпте
Шығыс септік: кімнен? неден? Оқушыдан, шөптен
Көмектес септік: кіммен? немен? Оқушымен, шөппен
(Түсіндіру)

V. Жаттығу жұмысы
1. 80 – жаттығу. Көшіріп жазу, көмектес септіктегі сөзді табу, сұрақ қою.
2. 81 – жаттығу. Мақалды жатқа мағынасынан ашу.
Оқу – инемен құдық қазғандай.
Сумен ойнама – батарсың.
Отпен ойнама – күйесің.
3. 82 – жаттығу. Адасқан сөздерді өз орнына қойып, сөйлем құрату.
4. Сергіту жаттығуы.
5. Венн диаграммасы. Септік жалғау – Тәуелдік жалғау
6. 84 – жаттығу. Шаршы бойынша орындату.
7. Топ бойынша жұмыс.
1 – топ.
2 – топ. Белдік сөзін тәуелдету.

VІ. Сабақты бекіту. Семантикалық карта.
Сабақты қорытындылау.
VІІ. Үйге тапсырма. 83 – жаттығу, ережені оқу.
Бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама