Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 21 сағат бұрын)
Бастауыш сыныптарына өзін - өзі тану пәнінен сабақ жоспарлары
Өзін - өзі тану
Тақырыптар:
1) Бәрінің бастауы махаббат
2) Мейірімділік асыл қасиет
3) Дос болайық бәріміз

Тақырыбы: Бәрінің бастауы махаббат
Мақсаты: махаббаттың рухани құндылық ретіндегі ұғымын кеңейту;
қатысушылардың өздерін махаббат көзі ретінде қабылдауын қалыптастыру.
Міндеттері:
- мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- өзара сыйластық қарым - қатынастарын дамыту;
- мейірбандыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдары: үнтаспа,, бейнефильм.
Амандасу.
- Біздің бүгін жиналғанымыз қандай тамаша. Біз сіздерді көруге қуаныштымыз. Сіздерді махаббат шеңберіне шақырамыз.
- Келіңіздер, тағы бір рет амандасайық.
Жан - жағына нұр шашып
Арайлап жарқын таң атса,
Жер бетінде жайқалып,
Көгеріп өссе көк майса,
Жүрегім жыли бастайды.
Оралғанда сапардан
Алдымнан жақын жан шықса,
Кездескенде достарым
Құшағын маған кең ашса,
Жүрегім жыли бастайды

Жүректен жүрекке:
Өнеге сағаты соңында балалар адамдарға, айналасына мейірімді екендіктерін жылы сөздері арқылы білдіреді.
Оқушылар сабақ соңында өздерінің жүрек түпкіріндегі жылы сезімдеріне ризашылықтарын білдіреді. Оқушылар оң қолдарымен жүрек тұсын ұстап кезегімен мынадай сөйлемдер айтады:
- Менің қайырымды жүрегіме рахмет!
- Менің мейірімді жүрегіме рахмет!
- Менің жылы жүрегіме рахмет!
- Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көргеніне рахмет!
- Менің жүрегімдегі жақсы көру сезіміне рахмет!
- Менің жүрегімнің қуана білетініне рахмет!
- Менің жүрегімнің жанашырлығына рахмет! және т. б.
Ән: Әрқашан күн сөнбесін.
Қоштасар алдында Сара апайға не айтамыз?
Балалар:
- Рахмет бақытты балалық шаққа.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама