Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Бастауышпен қоштасу

1) Мектепке алғаш келген кезім есімде,
Ұстаздардан қорықтым екен несіне?
Жақсы оқысаң барлық ұстаз анаңдай -
Еркелетіп бөлейді екен мейірімге...!

Өкінішті, артта қалып балалық,
Орта буын оқушы боп барамыз.
Ұстаз​ - Ана, Майра апайым,​ мың алғыс -
Ұмытпайды сізді отыз балаңыз!

2) Бастауыш сынып,​ не деген қызық,
Еркелеп жүрген мектепте.
Тыңдамай күліп, болсақ та бұзық,
Ұстаздар тәлім үйреткен.

Бастауыш деген - бастапқы жылдар,
Мектеппен бізді дос қылған.
Бастауыш деген - тентектеу ұлдар,
Қоқысты теуіп доп қылған.

3) Бастауыш деген - аяулы ұстаз,
Үйреткен бізге көп білім.
Бастауыш сынып, не деген тым аз,
Сенде өтті бес жыл өмірім.

4) Зымырап өтті, бастауыш сынып,
Балауса​ күндер қалды артта.
Күтуде алда, бесінші сынып,
Дейді ғой қиын ол жақта..!

5) Мың алғыс айтам, ұстазым сізге,
Мейрімін төккен анамдай.
Шолжаңдап жиі, еркелеп сізге,
Бауыр басыппыз​ балаңдай!

6) Мен тілек айтам, ұстазым сізге,
Өтсе екен қызық әр күнің!
Ұмытып кетпей,​ еске алғын бізді,
Болса да сан мың шәкіртің!

7) Жақсы көремін,​ ұстазым сізді,
Тілеймін барлық бақытты.
Ұстаз болған жан, ең аяулы адам,
Сауап қой әрбір уақыты.

8) Ұмытпай сізді,​ еске алып жүрем,
Ұстазым менің еді​ - деп.
Дос болу - оңай, қоштасу - қиын,
Жүрегім кетті елжіреп...!

9) Кешіргін бізді,​ аяулы ұстаз,
Көңліңе тисек кей іспен?!
Өсеміз әлі, азамат болып,
Бөлісерміз көп жеңіспен...!

10) Сүйікті біздің Майра апайымыз,
Мақтан тұтасыз бізді әлі...!
Шумақтарменен алғыс білдірген,
4 "қ"-ның ұл мен қыздары...!

11)​ ​ ​ ​ "Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт!" - дейді қазақ.​ Бүгін әзіз тұтар аяулы ұстазымыз - Байділдаева Майра Балтабайқызына шексіз алғысымызды білдіріп, бастауыш сыныппен қоштасып отырмыз! Құрметті менің ұстазым! Біз сізге берген біліміңіз бен шексіз тәліміңіз үшін - зор алғыс білдіреміз!
​ ​ ​ ​ Әдемі жүзіңізді ешқашан мұң шалмасын!
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *
12)​ ​ "Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі"- деген К.Д.Ушинский. Аяулы ұстазым,​ біздер үшін сарп еткен еңбегіңіз ақталып, орта сыныпта тек жоғарыдан көрінейік! Тәртібіміз бен біліміміз - өзгелерге үлгі болсын! Сіздің айтқан әрбір ақылыңыз - біздің ойымызда мәңгі сақталады!
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *
13)​ ​ "Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі." - деген Ыбырай Алтынсарин. Біз де үш жылдан бері ұстазымыздан ең озық тәлім-тәрбие алып келдік! Ал бүгін бастауышпен қоса, сүйікті ұстазымызбен де қоштасып, мұңайып тұрмыз! Біз сізді ұмытпаймыз аяулы ұстазымыз Майра апай! Сізге шығармашылық табыс тілейміз!
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *
14)​ ​ ​ ​ "Адамның адамшылдығы… жақсы ұстаздан болады" - депті Абай атамыз. Адам боп келдік өмірге, адам боп өту - тілегіміз! Білім​ - бағыт, мектеп - жүрегіміз! Ұстаз - тәлімгер, тәрбиешіміз. Біздер - сіз дайындаған елдің ертеңіміз! Ұлт мақтан тұтар ұл-қыз болайық,​ ел үмітін ақтар ер болуға барды салайық! Сонда ғана ұстазымыз бізді мақтан тұтады!
​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *
15)​ ​ ​ ​ ​ ​ "Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді."- деген екен Мәлік Ғабдуллин. Бойымнан жылт еткен жақсы қасиет байқасаңыз, "ұстазы жақсы екен"- деп ойлай беріңіз! Мен - ұстазымның айнасымын! Рақмет Сізге ұстазым! Мен Сіздің есіміңізді кірлетпеуге тырысамын!
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *
16)​ ​ "Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін".- депті Серке Қожамқұлов. Біз сізге мәңгі шәкіртпіз Майра апай!​ Сіздің есіміңізді жүрегімізде мәңгі сақтаймыз!
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *
17)​ ​ ​ "Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол – нағыз ұстаз"- депті
Л.Н.Толстой. Біз сіздің сүйіспеншілігіңізді сеземіз!​ Біз де сізді қатты жақсы көреміз! Біз секілді шәкірттеріңіз көп болсын!
​ ​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *
18)​ ​ "Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы"- деген Ахмет Байтұрсынов. Біз әлі үлкен білім шыңдарын бағындырып, ұстаздарымыз бен мектебіміздің даңқын асқақтататын боламыз!​ Жасай бер Кемертоған орта мектебі!
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *
19)​ ​ "Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады"- деген ұлт ақыны Мағжан Жұмабаев. Мен Кемертоған орта мектебіне, бізге білім берген барлық ұстаздарға,​ сынып жетекшіміз Майра Балтабайқызына - шексіз алғысымды білдіремін! Қош бол, бастауыш!
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *
20)​ ​ "Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау"- депті Ж.Ж.Руссо. Біз үшін сарп еткен алтын уақыттарыңыз ақталсын деп тілеймін аяулы ұстазым!
​ ​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *
21)​ "Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу" - деген екен В.А.Сухомлинский. Менің бала жүрегіме жол таба білген аяулы ұстаздарым! Барлығыңызды жақсы көремін!
​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *
22) "Ұстаздық - ұлық емес, ұлы қызмет"- деген Бауыржан Момышұлы. Сіздің ұлы қызметіңізге шексіз алғыс білдіреміз Майра апай!
​ ​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *
23) "Ілім үйреніп, одан соң оны басқаларға үйретпеу - мол дүние жиып, оны керегіне жаратпай, көміп қойғанмен бірдей"- деген пайғамбарымыз Мұхаммед ғалейһиссалям! Біз ұстаздарымыздың бойындағы бар білімін алдық - деп ойлаймын!​ Енді осы білімді дамытып,​ ел игілігіне жарату - біздің перзенттік парызымыз!​ Мың алғыс сіздерге ұстаздар!
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *
24) "Өзінің ұстазынан асып түсуге талпынбаған шәкірт - бейшара" - депті Леонардо да Винчи. Біз өз ұстаздарымыздан да асып түсетін, болашақ ұстаздармыз! Біздерге тілеулес болыңыздар аяулы ұстаздар!
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *
25) "Мұғалімнің бүкіл мақтанышы - шәкірттерінде, өзі шашқан білім ұрықтарының өсіп-өнуінде" - деген Д.И.Менделеев. Біз сіздердің мақтаныштарыңыз болсақ екен! - деп тілеймін, қымбатты ұстаздарым.
​ ​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *
26)​ Сабақ үстінде жыбырлап,​ қыбырлап,​ сыныптастарға сыбырлап отыратынмын! Ал ұстазым көзбен-ақ ескерту жасап, мейіріммен тәрбиелей білді. Мың алғыс Сізге ұстазым!
​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *
27)​ Қоңырауда мектеп дәлізінде қағазбен танкі ойнап, үсті-басымыз шаң-шаң болып сыныпқа кіретінбіз! Апайымыз қанша мәрте ескертсе де,​ ойнай беретінбіз! Енді сол кездер балалық тәтті​ күндердің тасасында, қол бұлғап қалып барады... Тентектігіміз үшін кешіріңіз бізді Майра апай?!
​ ​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *
28)​ Үнемі елге соқтығып,​ айналамды шу қылып жүретінмін!​ Енді жігіт болдым. Бастауыштағы сол қылықтарыма ұяламын! Мейірімді ұстазым,​ көп ренжіткен тентегіңізді кешіріңіз! Мен сізді жақсы көремін!
​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *
29)​ Маған көп ескерту жасап, үнемі бақылап отыратынсыз! Енді мені сағынасыз деп ойлаймын?! Ал мен сізді ешқашан ұмытпаймын! Үлкен жігіт болғанда, күліп еске алатын естеліктерім болғаны үшін қуанамын! Бар болыңыздар аяулы ұстаздар!
​ ​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *
30)​ Мектеп өмірі - біздің ең маңызды кезеңіміз! Міне зыр етіп бастауыш та өте шықты.​ Енді бір қарағанда мектепті де бітіріп жатамыз!​ Бізді ақымақ қалпымызда қабылдап, ақылды етіп шығарып салған ұстаздарға алғысымыз шексіз!​ Қош бол, бастауыш!


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама