Бата үлгілері
Иа, Құдайым, жарылқа:
Жарылқасаң, малды қыл,
Біткен жұрттың алды қыл,
Бұтан қас сағынғанның
Малын алып, жарлы қыл!
Алла әкбар!
Иа, Кұдайым, бала берсін,
Мал мен басты және берсін,
Саған қас қылған дұшпанға
Табаныңның астына сала берсін!
Алла әкбар!
Иа, Құдайым, оңдасын,
Мың саулығың қоздасын!
Сексен туйең боталап,
Сегіз келін қомдасын!
Тіленшінің биесін берсін,
Үйсін, Қоңыраттың түйесін берсін,
Біткен аруақ бәріне тие берсін!
Алла әкбар!
Құдайым, жарылқасын, бай қылсын
Төрт түлігің сай қылсын!
Кетпес дәулет берсін,
Кең пейіл берсін!
Құрбандығың қабыл болсын,
Тілеуің дұрыс болсын,
Мұратың хасыл болсын,
Тілеген тілегіңізді берсін!
Алла әкбар!
Асың, асың, асыңа,
Береке берсін басыңа!
Бөденедей жорғалап,
Қырғауылдай қорғалап,
Қыдыр келсін қасыңа!
Осы тұрған боз үйге
Қыдыр ата дарысын!
Бәйбішесі бұл үйдің
Он екі құрсақ көтеріп,
Ұлға көзі жарысын!
Желіңнің о шеті мен бұ шетіне
Оқ жіберсе , жетпесін!
Тәңірі берген несібең
Тепкілесең, кетпесін!
Әр кезде байлық кетпесін!
Кешке келіп шулатқан,
Қошақайдың атасы-
Қошқар бассын үйіңді!
Бақайлары шыртылдап.
Мүйіздері жылтылдап,
Үй арасын боқ еткен,
Ішсе, айранға тоқ еткен,
Бұзаулардың атасы-
Бұқа бассын үйіңді!
Шудаларын шаң басқан,
Артқы өркешін қом басқан,
Ботақайдың атасы -
Бура бассын үйіңді!
Шыңғыр-шыңғыр кісінескен,
Тышып, боғын иіскескен,
Құлыншақтың атасы-
Айғыр бассын үйіңді!
Саған қас қылған кісінің
Базарға барып, аты өлсін!
Ерте кетіп, қайтқанда,
Үйіне келсе, қатыны өлсін!
Көтіне тышқақ тисін,
Қолына пышақ тисін!
Тышқағы тыйылмасын,
Төсегі жиылмасын!
Шаңырағы шартылдап,
Шандырына қадалсын!
Босағасы бортылдап,
Борбайына қадалсын!
Күлдіреуіші күрт сынып,
Көтіне қадалсын!
Алла әкбар!
Бұрынғылардың батасы
Әуелі Құдай жарылқасын,
Пайғамбардың берекетін берсін!
Әбубәкір, Сыздықтың салауатын берсін,
Әділ Омардың айбатын берсін,
Әзіреті (хазірет) Оспанның ұятын берсін,
Әзіреті Әлінің (ғалының) қуатын берсін!
Ибрайым (Ибраьим) пайғамбардың
малын берсін,
Әкім Лұқпанның жасын берсін,
Әкім Сүлейменнің тақытын берсін!
Ескендір (Александр) Зұлқарнайынның
бақытын берсін,
Атымтай жомарттың даңқын берюін,
Дәуіт пайғамбардай отыз ұл берсін!
Ұл берсе, оразды берсін,
Қыз берсе, қылықты берсін!
Жасы ұзын болсын,
Жүзі қызыл болсын!
Айғырың үнді келсін,
Қошқарың жүнді келсін!
Қызың құлды келсін,
Ұлың құнды келсін!
Дәулетің зияда болсын,
Дұшпаның қияда болсын!
Ұлың ұяда болсын,
Қызың қияда болсын!
Адам жаласынан, бұлт аласынан,
Көрінер, көрінбес мың да бір пәлесінен -
Патша Құдайым өзі сақтасын!
Кәпірді мұсылман еткен,
Мұсылманға дін үйреткен,
Әкімдердің (Айымдардың) сәлеметтігіне,
Халық қамын жеген -
Қарқарадай хандардың сәлеметтігіне,
Ел қамын жеген -
Едігедей билердің сәлеметтігіне,
Өз еңбегін өзі жеген,
Құдайға, шүкір, тәубе дейін -
Қара бұқара халықтың сәлеметтігіне!
Халқын, жұртын,
Қаны бірге ұлтын -
Ілгері бастырамын деген -
Еңбекшіл ерлердің сәлеметтігіне!
Қой орнына ат берген
Атымтайдай жомарттардың сәлеметтігіне!
Баяғыда тойға жасанып келген сұлу қыз - дүние қартайып,
кайыршы кемпір болып, қарапейіл байларды - ұшынған сорпа,
ет есепті қылып, қапшығына салып алған. «Жемесе де,
май жақсы, Бермесе де, бай жақсы!» - деген.
Қап түбінде қалғандардың сәлеметтігіне!
Молдаларға қол берген, көрпе салып, төрге алған -
Уызы арылмаған байлардың сәлеметтігіне!
Халқы, халайығы қостаған,
Орпықты саба ұстаған-
Бәйбішелердің сәлеметтігіне!
Тақыр жерде тайғақ бар,
Тәңірім, опан сақтасын!
Бату жерде пәле бар,
Машайық онан сақтасын
Шұңқыр жерде шайтан бар.
Сақтаушы онан сақтасын!
Ойнақтаған оң қолың
Ақ білекте қарайсын!
Қимылдаған екі аяқ
Табаныңда қарайсың!
Аузындағы отыз тіс
Таңдайыңда қарайсың!
Құдай қосқан қосағың
Бірге ілесіп қарайсың!
Малыңызға, басыңызға берекет берсін!
Саған қас сағынғанға апа-құла әрекет берсін!
Көктен жаудырсын,
Жерден өндірсін!
Байды Құдай байытсын,
Бәйбішені қайытсын!
Кигенің кір болмасын,
Мінгенің тер болмасын!
Алла ойында тұрсын!
«Құлқуалла» - қойныңызда,
«Әлхам» - аузыңызда,
«Иасин» - жадыңызда болсын!
Бұл оқыған аяттар ай болсын,
Сегіз пейіш ортасында көңілің жай болсын!
Іргеңді аралап, дау жетпесін,
Еліңді аралап, жау жетпесін!
Сізге пәле сағынғанның
Өз басынан кетпесін!
Иа, Жалил, әл-жәллат,
Иа, Кәрім, әл-керемет,
Пендең саған аманат!
Сақтағайсың сәлемет!
Алла әкбар!
Бұрынғылардың тағы бір батасы
Арқадағы Абылайдай бол;
Бұхарадағы Даниярдай бол!
Қойкелдінің қойын берсін,
Қой соймастың ойын берсін!
Тоқаның жылқысын берсін,
Ақылдының құлпысын берсін !
Боқтыдай бай бол ,
Байкелді, Бостандай мырза бол!
Қарасудан көпір салып өткен -
Толыбайдың жолын берсін!
Арқадағы Абылайдай даңқ берсін,
Бұхарадағы Даниярдай бақ берсін!
Қой соймастың ойын берсін ,
Қойкелдінің қойын берсін!
Боқтыдай байлық берсін!
Байкелді, Бостандай мырзалық берсін!
Азнабай, Сапақтай бол ,
Байқонды, Бапақтай бол!
Кейінгі бір бата
Көкшетау жағында бір үйге қонған екен: әкелі-балалы екеуі.
Қонған үй көже қылып беріпті. Сонда әкесі:
- Дастарқанға бата қыламын, - дегенде, әкесінің қолын қағып
жіберіп:
- Көже батасына мен жүйрікпін! - деп, шұбыртып сөйлеп бата
қылғаны:
- Көже, көже, көр, ұстан:
- Қайдан шыққан бұ көже?
- Аузы түкті орыстан!
Құдай ұрған қу елсің,
Жау шапса, саған болыспан!
Құдай айдап біз келдік
Ел шеті алыс қиырдан.
Соймаған сорлы не еткен жан,
Қора толған сиырдан.
Жеуіңе қимай жүргенде,
Түк қалмас жұтта биылдан!
Көже шөптің басы екен,
Қу кедейдің асы екен.
Сеп бай болып, не етесің?
Төрт аяқты малдан-
Түк көре алмай, кетесің!
Ешкіні елде көр,
Қойды мың күндік жолда көр!
Түйе туа бітпесін,
Жылқыдан садақа кет!
Көкшетаудың басын көре кел,
Көкөзектен арман асып, қалаға кет!
Өлі аруақ жебесін,
Тірі аруақ демесін!
«Осы үйден ет асаймын!» - деп,
Келген баланың мен сі...ін енесін!
Өзі аш қонақ,
Өзі қу қонақ-
Мұнан артық не дейін?!
Сонда үй иесі ұялғаннан:
- Мына бәлекетке қуырдақ қуырып бер, қатын! - депті. -
Айтқан сөзі еттен өтіп, сүйекке жетті ғой! - деген соң, қуырдақ
қуырып, тойғызыпты. Қуырдаққа берген батасы:
- Мұның аты - қуырдақ,
Шын ықыласпен берген соң,
Пісіп қалды-ау жуырда-ақ!
Манағының бәрі ойын,
Ырысың өссін дуылдап!
Саған қастық қылғанның
Баласы қалсын шуылдап!
Жарылқасаң, малды қыл,
Біткен жұрттың алды қыл,
Бұтан қас сағынғанның
Малын алып, жарлы қыл!
Алла әкбар!
Иа, Кұдайым, бала берсін,
Мал мен басты және берсін,
Саған қас қылған дұшпанға
Табаныңның астына сала берсін!
Алла әкбар!
Иа, Құдайым, оңдасын,
Мың саулығың қоздасын!
Сексен туйең боталап,
Сегіз келін қомдасын!
Тіленшінің биесін берсін,
Үйсін, Қоңыраттың түйесін берсін,
Біткен аруақ бәріне тие берсін!
Алла әкбар!
Құдайым, жарылқасын, бай қылсын
Төрт түлігің сай қылсын!
Кетпес дәулет берсін,
Кең пейіл берсін!
Құрбандығың қабыл болсын,
Тілеуің дұрыс болсын,
Мұратың хасыл болсын,
Тілеген тілегіңізді берсін!
Алла әкбар!
Асың, асың, асыңа,
Береке берсін басыңа!
Бөденедей жорғалап,
Қырғауылдай қорғалап,
Қыдыр келсін қасыңа!
Осы тұрған боз үйге
Қыдыр ата дарысын!
Бәйбішесі бұл үйдің
Он екі құрсақ көтеріп,
Ұлға көзі жарысын!
Желіңнің о шеті мен бұ шетіне
Оқ жіберсе , жетпесін!
Тәңірі берген несібең
Тепкілесең, кетпесін!
Әр кезде байлық кетпесін!
Кешке келіп шулатқан,
Қошақайдың атасы-
Қошқар бассын үйіңді!
Бақайлары шыртылдап.
Мүйіздері жылтылдап,
Үй арасын боқ еткен,
Ішсе, айранға тоқ еткен,
Бұзаулардың атасы-
Бұқа бассын үйіңді!
Шудаларын шаң басқан,
Артқы өркешін қом басқан,
Ботақайдың атасы -
Бура бассын үйіңді!
Шыңғыр-шыңғыр кісінескен,
Тышып, боғын иіскескен,
Құлыншақтың атасы-
Айғыр бассын үйіңді!
Саған қас қылған кісінің
Базарға барып, аты өлсін!
Ерте кетіп, қайтқанда,
Үйіне келсе, қатыны өлсін!
Көтіне тышқақ тисін,
Қолына пышақ тисін!
Тышқағы тыйылмасын,
Төсегі жиылмасын!
Шаңырағы шартылдап,
Шандырына қадалсын!
Босағасы бортылдап,
Борбайына қадалсын!
Күлдіреуіші күрт сынып,
Көтіне қадалсын!
Алла әкбар!
Бұрынғылардың батасы
Әуелі Құдай жарылқасын,
Пайғамбардың берекетін берсін!
Әбубәкір, Сыздықтың салауатын берсін,
Әділ Омардың айбатын берсін,
Әзіреті (хазірет) Оспанның ұятын берсін,
Әзіреті Әлінің (ғалының) қуатын берсін!
Ибрайым (Ибраьим) пайғамбардың
малын берсін,
Әкім Лұқпанның жасын берсін,
Әкім Сүлейменнің тақытын берсін!
Ескендір (Александр) Зұлқарнайынның
бақытын берсін,
Атымтай жомарттың даңқын берюін,
Дәуіт пайғамбардай отыз ұл берсін!
Ұл берсе, оразды берсін,
Қыз берсе, қылықты берсін!
Жасы ұзын болсын,
Жүзі қызыл болсын!
Айғырың үнді келсін,
Қошқарың жүнді келсін!
Қызың құлды келсін,
Ұлың құнды келсін!
Дәулетің зияда болсын,
Дұшпаның қияда болсын!
Ұлың ұяда болсын,
Қызың қияда болсын!
Адам жаласынан, бұлт аласынан,
Көрінер, көрінбес мың да бір пәлесінен -
Патша Құдайым өзі сақтасын!
Кәпірді мұсылман еткен,
Мұсылманға дін үйреткен,
Әкімдердің (Айымдардың) сәлеметтігіне,
Халық қамын жеген -
Қарқарадай хандардың сәлеметтігіне,
Ел қамын жеген -
Едігедей билердің сәлеметтігіне,
Өз еңбегін өзі жеген,
Құдайға, шүкір, тәубе дейін -
Қара бұқара халықтың сәлеметтігіне!
Халқын, жұртын,
Қаны бірге ұлтын -
Ілгері бастырамын деген -
Еңбекшіл ерлердің сәлеметтігіне!
Қой орнына ат берген
Атымтайдай жомарттардың сәлеметтігіне!
Баяғыда тойға жасанып келген сұлу қыз - дүние қартайып,
кайыршы кемпір болып, қарапейіл байларды - ұшынған сорпа,
ет есепті қылып, қапшығына салып алған. «Жемесе де,
май жақсы, Бермесе де, бай жақсы!» - деген.
Қап түбінде қалғандардың сәлеметтігіне!
Молдаларға қол берген, көрпе салып, төрге алған -
Уызы арылмаған байлардың сәлеметтігіне!
Халқы, халайығы қостаған,
Орпықты саба ұстаған-
Бәйбішелердің сәлеметтігіне!
Тақыр жерде тайғақ бар,
Тәңірім, опан сақтасын!
Бату жерде пәле бар,
Машайық онан сақтасын
Шұңқыр жерде шайтан бар.
Сақтаушы онан сақтасын!
Ойнақтаған оң қолың
Ақ білекте қарайсын!
Қимылдаған екі аяқ
Табаныңда қарайсың!
Аузындағы отыз тіс
Таңдайыңда қарайсың!
Құдай қосқан қосағың
Бірге ілесіп қарайсың!
Малыңызға, басыңызға берекет берсін!
Саған қас сағынғанға апа-құла әрекет берсін!
Көктен жаудырсын,
Жерден өндірсін!
Байды Құдай байытсын,
Бәйбішені қайытсын!
Кигенің кір болмасын,
Мінгенің тер болмасын!
Алла ойында тұрсын!
«Құлқуалла» - қойныңызда,
«Әлхам» - аузыңызда,
«Иасин» - жадыңызда болсын!
Бұл оқыған аяттар ай болсын,
Сегіз пейіш ортасында көңілің жай болсын!
Іргеңді аралап, дау жетпесін,
Еліңді аралап, жау жетпесін!
Сізге пәле сағынғанның
Өз басынан кетпесін!
Иа, Жалил, әл-жәллат,
Иа, Кәрім, әл-керемет,
Пендең саған аманат!
Сақтағайсың сәлемет!
Алла әкбар!
Бұрынғылардың тағы бір батасы
Арқадағы Абылайдай бол;
Бұхарадағы Даниярдай бол!
Қойкелдінің қойын берсін,
Қой соймастың ойын берсін!
Тоқаның жылқысын берсін,
Ақылдының құлпысын берсін !
Боқтыдай бай бол ,
Байкелді, Бостандай мырза бол!
Қарасудан көпір салып өткен -
Толыбайдың жолын берсін!
Арқадағы Абылайдай даңқ берсін,
Бұхарадағы Даниярдай бақ берсін!
Қой соймастың ойын берсін ,
Қойкелдінің қойын берсін!
Боқтыдай байлық берсін!
Байкелді, Бостандай мырзалық берсін!
Азнабай, Сапақтай бол ,
Байқонды, Бапақтай бол!
Кейінгі бір бата
Көкшетау жағында бір үйге қонған екен: әкелі-балалы екеуі.
Қонған үй көже қылып беріпті. Сонда әкесі:
- Дастарқанға бата қыламын, - дегенде, әкесінің қолын қағып
жіберіп:
- Көже батасына мен жүйрікпін! - деп, шұбыртып сөйлеп бата
қылғаны:
- Көже, көже, көр, ұстан:
- Қайдан шыққан бұ көже?
- Аузы түкті орыстан!
Құдай ұрған қу елсің,
Жау шапса, саған болыспан!
Құдай айдап біз келдік
Ел шеті алыс қиырдан.
Соймаған сорлы не еткен жан,
Қора толған сиырдан.
Жеуіңе қимай жүргенде,
Түк қалмас жұтта биылдан!
Көже шөптің басы екен,
Қу кедейдің асы екен.
Сеп бай болып, не етесің?
Төрт аяқты малдан-
Түк көре алмай, кетесің!
Ешкіні елде көр,
Қойды мың күндік жолда көр!
Түйе туа бітпесін,
Жылқыдан садақа кет!
Көкшетаудың басын көре кел,
Көкөзектен арман асып, қалаға кет!
Өлі аруақ жебесін,
Тірі аруақ демесін!
«Осы үйден ет асаймын!» - деп,
Келген баланың мен сі...ін енесін!
Өзі аш қонақ,
Өзі қу қонақ-
Мұнан артық не дейін?!
Сонда үй иесі ұялғаннан:
- Мына бәлекетке қуырдақ қуырып бер, қатын! - депті. -
Айтқан сөзі еттен өтіп, сүйекке жетті ғой! - деген соң, қуырдақ
қуырып, тойғызыпты. Қуырдаққа берген батасы:
- Мұның аты - қуырдақ,
Шын ықыласпен берген соң,
Пісіп қалды-ау жуырда-ақ!
Манағының бәрі ойын,
Ырысың өссін дуылдап!
Саған қастық қылғанның
Баласы қалсын шуылдап!