- 18 там. 2021 00:00
- 153
Батурин «Мені жалқау қылған ескі бәтеңке»
Жолдастар, мені де жалқау қылған бәтеңке. Сенбіліктің боларын біліп, осыдан екі ай бұрын-ақ бір әңгімесінен сытылған бәтеңкені сақтап-ақ жүр едім, нақ сенбілік болатын күні ұшты-күйді жоқ болып шықты. Қағынғырдың қайда кеткенін білмеймін.
Сонымен барайын ба, бармайын ба деп жатқанымда, басым түскір солқылдап, ауырып-ақ жөнелмесі бар ма. Оқу уағында дәріханаға баруға болмайтынын өздерің жақсы білесіңдер, жолдастар. Сондықтан сенбіліктің уағында бардым. Барғаныма дәрігерден анықтамам жоқ, өйткені бұл уақытта справка бермейді және өзім басым ауырып, миым қатып жүріп, ұмытып та кетіппін. Біз сенбіліктің маңызын жақсы білеміз, жолдастар. Ленин айтқан: «Сенбілік деген-төңкеріс социализмі» — деген. Даже сенбілікте не істегенін де білем. Екі станцияның арасында тоқтап қалған паровоздардың шылбырынан тартып, сүйреген шығарсыңдар. Я жолдастар, мен сөзімді аяқтаймын. Бәтеңкемді алғандарың болса, әурелемей қайтып беріңдер!