Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 52 минут бұрын)
Батыс Қазақстанда мыңдаған киік қырылды

Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданындағы Сарыөзеннің бойынан мыңдаған киіктің өлексесі табылғаны туралы хабарланды. Мамандар қысқы көші-қоннан әлсіреген жануарлардың өлімі табиғи құбылыс екенін айтады. Қазіргі уақытта өлекселерді жинап, жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазіргі таңда 1600-ден астам киіктің өлексесі анықталған. Мұндай жағдай жыл сайын көктем шыға әдеттегідей қайталанады. Кей жылдары бұл көрсеткіш бес мыңнан асып жығылған.

Неден қырылды?

Жануарлардың нақты неден өлгені және олардан қандай да бір қауіп бар-жоғын мамандар анықтап жатыр. Олар тиісті сынамалар алып, ветеринарлық зертханаға жіберген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, Орал популяциясының киік саны екі миллион үш жүз мыңға жеткен. Жақын арада нақты саны белгілі болады, өйткені келесі аптада өңірде жануарларды есепке алу жұмыстары жүргізілмек.

Киіктерді қысқарту шаралары

2025 жылы үкімет қаулысымен киіктер санын реттеу жұмыстары жүргізілгені еске салынды. Аймақтық аңшылық инспекциясы бастығының орынбасары Қайрат Қадешевтің айтуынша, табиғи ортадан 108 мыңнан астам киік алынған. Бұл шаралар санның азаюына әсер етуі мүмкін. Мысалы, бір аналық киік екі төл әкелсе, олардың 60 пайызы аналық болса, сан үш есе азаюы ықтимал.

Жаңалықтар

Жарнама