Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Баянша атаның сөзінен

Шата[ның туған жері] қазіргі Павлодар облысы, Баян ауданы, руы — Айдабол. Шатаның шын аты Жалмағамбет екен. Әкесінің аты — Дүрілдек деген адам. Шатаның әкесі жасында өліп қалып, шешесі Айдана дейтін адам жесір қалып, Шатаны тәрбиелеп, арқасына арқалап асырап өсірген екен дейді.

Шатаның өзі де, әкесі де өте кедей болған. Былайша айтқанда сауарға сиыры да, мінерге аты да болмаған. Шатаның өзі де, шешесі Айдана да байлардың есігінде болған. Бертін келе Шата ер жетіп, ат жалын тартып мініп, халық қатарлы адам болады. Шатаның бұл халге жетуі анасы Айдананың арқасында дейді. Жалмағамбет елдегі екінің бірі, былайша айтқанда өнерлі, пысық болыпты. Шата жасынан жоқшылық, зорлықты көп көреді. Байлардың, басқа болғандардың көрсеткен қиянаттарына шыдай алмай жүреді.

Бір күні Шата ойлайды. Осы байлардан болғандардан кегін алудың жолын қарастырып, іздейді. Әкесі Дүрілдек тірі күнінде Айдабол Әйтеннің Әбіші дейтін кісіден әкесінің көрген қиянаты, зорлығы Шатаның есіне түседі. Сонымен, Шата бір күні бұрынғы урядниктің киімдерін киіп алып, беліне қылыш байлап, қас қарайып, түн бола бағанағы Әбіштің үйінің қасына өзі секілді ауылдағы 2-3 жігітті ертіп алып, урядник боп келіп қалады.

Келісімен Әбішті аяқ-қолын бір уыс қылып, жауапқа шақырып, ананы-мынаны қысып сұрап, онымен қабат:

— Сен бір кезде Баян Дүрілдек деген нашар адамға қалайша зорлық жасадың? — деп сұрақты көбейтіп қысады. Содан кейін Әбішті тал қораптың астына жауып қояды. Біраздан кейін Әбішті қораптан шығарып алып, тағы да қосымша жауап алған кісі болып, Шата Әбішке аяғын сипатып, арқасын қасытады. Сонымен түн ішінде ешнәрсеге қарамастн Әбішке бар білгенін істеп, істеген қиянатын қайтардым деген есеппен
өткен істің кегін Әбіштен бір қайырған екен дейді. Былайша айтқанда, Шата өзі кедей, елдегі екінің бірі болып, өнерлі, өте тілді, қулықшыл, тақпақшыл, күлдіргіш, әнші, елден шыққан қутабан, алаяқ қудың нағыз өзі деп есептейді екен. Шата — кек алудың жолын ол кездегі зорлық иелеріне ақысын жібермеудің жолын көп іздеген адам.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама