- 14 қаң. 2020 00:00
- 219
Бетпе-бет келген өзінен көрсін
Қожанасыр көшеде келе жатқанда бір ит қауып алады. Қожекең қолындағы балтамен басына салып қалса, ит өліп қалады. Иттің иесі жанжалдасып, Қожаны қазыға алып барады.
— Балтаңыздың сабымен ұрсаңыз да болмас па еді? — дейді қазы.
— Ит мені аузымен қапты. Сондықтан мен де оған балтаның жүзін жұмсадым. Егер ит мені аяғымен тепкенде, мен де оны балтаның сабымен ұрар едім. Бетпе-бет келген өзінен көрсін, қазыеке! — депті Қожа.