Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Бейімбет Майлин «Айт күндері»
7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлин «Айт күндері»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ халқының ұлы ақыны Б. Майлиннің өмірі мен шығармашылық жолы туралы оқушыларға қысқаша түсінік беру.
Дамытушылық: Жылдамдық оқу дағдысын, оқушылардың тілін, ойлау қабілетін дамыту, сөз байлықтарын толықтыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды қазақ халқының салт – дәстүрлерімен таныстырып, құрметтей білуге тәрбиелеу. Әңгімеге сүйене отырып, айт мерекесі жайында түсініктерін молайту.
Көрнекіліктер: ақын портреті, шығармалары, үлестірмелі кеспе қағаздар, тірек сызба
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: талдау, сұрақ - жауап.

I Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіздер ме!
- Бүгін сыныпта кім кезекші?
- Қаңтардың қай күні?

II Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ - жауап әдісі.
- Мағжан Жұмабаев қайда, нешінші жылы туған?
- М. Жұмабаев қайда оқыған?
- М. Жұмабаевтың қандай шығармалары бар?

III Жаңа тақырып. Кіріспе.
1. Қызығушылықты ояту.
- Б. Майлин кім болған?
- Б. Майлиннің қандай шығармалары бар?
- Қайда дүниеге келген?
2. Топтастыру.
«ББҮ» кестесі. Сабақ басында тек бірінші екі бағанын ғана толтырады.

Оқушылар тапсырманы өз жұмыс дәптерлерінде орындайды.
Жазушының өмірі мен шығармашылығымен танысқаннан кейін, «Айт күндері» әңгімесін оқуға көшеді. Әңгіме бойынша бірнеше сұрақтар құрастырып, бір – бірлеріне қою арқылы әңгімені талдайды.
Мұғалімнің қосымша сұрақтары
- Айт күні адамдар бір – бірін қалай құттықтайды?
- Бәкен деген кім?
- Бәкеннің келіншегі не үшін мұңайды?

IV Бекіту «Айт» сөзіне сөзжасамдық ұя құрастыру
Оқушылар сөзжасамдық ұяны тақтаға бір - бірлеп шығып толтырады.
4. Пікір күнделігі
Оқушылар үлестірмелі кеспе қағаздарына шығармадан үзіндіні жазады. Сол үзінді бойынша өз пікірлерін жазып, дауыстап оқып, өз ойларын ортаға салады.

Бейімбет Майлин «Айт күндері». жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама