Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Бір дене мен бір еңбекақыны бөліскен таңғажайып 28-жасар әпкелі-сіңілі қыздар

Әпкелі-сіңілі Эбигейл мен Бриттани Хенсел — батылдық пен табандылыққа нағыз үлгі болатын жандар. Олар осы әлеммен және өзара қарым-қатынасты жақсы сақтай отырып, қазір өмірден ләззат алып, өздерін басқалармен бірдей сезінеді.

Адамдар АҚШ-тың Миннесота штатынан шыққан алты жасар Эбигейл мен Бриттани Хенселді (Abby and Brittany Hensel) алғаш рет Опра Уинфридің теледуманынан байқады.

Содан кейін олар көгілдір экранға қайта шығып, Joined for Life (2003) деректі фильмі арқылы көрермен көзайымына айналғанға дейін ұзақ жол жүріп өтті.  

Егіздердің жағдайы олардың барлық дене мүшелерінің: жүрек, асқазан, өкпе, жұлындарының жұп болуымен елең еткізді.  

Соған қарамастан, дәрігерлер әпкелі-сіңілі қыздарды екіге бөлсе, біреуінің өміріне қауіп төнетінін айтты. Олардың айтуынша, отадан кейін екеуі де аман қалған күннің өзінде, тіршілік ету қабілеттері төмен кетеді екен.

Сондықтан Эбигейл мен Бриттани бірге қалды. Олар үнемі бірге жүріп-тұруды және тұтас бір дене сияқты үйлесімді әрекет етуді үйренді.

Есейе келе олардың тамақтан бастап киім таңдауға дейінгі талғамдары да өзгере бастады. Мысалы, Бриттанидің айтуынша оның әпкесі үйде отырғанды ұнатады, ал өзі қыдырғанды жақсы көреді. Ол математиканы ұнатса, Эбби өнерге жақын.

Бірақ мұндай талғам таласы олардың толыққанды өмір сүруге деген мақсаттарына кедергі болған емес. Қыздар көлік жүргізу куәлігін алды, Бетлэ Университетін аяқтады, ал қазір бастауыш мектеп оқушыларына математикадан сабақ береді. Әзірше, келісім бойынша бір адам ретінде.

Қыздар осылай өмір сүріп жатыр. Эбби денесінің оң жағын, ал Бриттани сол жағын бақылап, барлық қиындықты бірге жеңіп келеді. Егіздер үшін жеке өмірлері қозғалмайтын күрделі тақырып болғандықтан, әпкелі-сіңілі қыздар қазіргі жағдайларына шүкірлік етеді.

Өмірге құштар, өнерлі қыздар өз жұмыстарын жақсы көреді және саяхатқа жиі шығады.  

Олар әріптестерімен жақсы тіл табысады және балалардың да көңілдерін табады. Және күн сайын айналасындағы адамдардың осындай ерекшелігі бар адамдар жайлы түсініктерін өзгертіп отырады. 

 
 
 

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама