Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Бір мұғалімді ағылшын тіліне оқытудың құны айына 131 мың теңгені құрайды

2017 жылы бір мұғалімді ағылшын тіліне оқытудың құны айына 131 мың теңгені құрайды. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова мәлім етті.

«Бір тыңдаушыға шаққандағы орташа құн оқытудың деңгейі мен сағаттар санына байланысты 400 мыңнан 570 мың теңгеге дейін жетеді. Сонымен қатар сағаттар санының артуы, оқыту құнының айырмашылығы ағылшын тілі мұғалімдерін, оның ішінде шетел мамандарын тартумен түсіндіріліп отыр. Атап айтқанда, бұл бағаға тыңдаушылар мен жаттықтырушылардың іссапар шығыстары ескеріліп отыр, оның ішінде жол ақысы, тәуліктік ақша, баспанада тұру шығындары қамтылған», - деді Б. Асанова.

Оның сөзіне қарағанда, іссапар шығындарын есептемегенде, бір тыңдаушының бір айдағы оқуының құны орташа алғанда 131 мың теңге шамасында.  

Бұл ретте шетелге осылайша оқытуға жіберілсе, жұмсалатын қаржы айтарлықтай жоғары болады екен. Бұл тұрғыда Ұлыбританияда - 666 мың теңге, Канадада - 1 млн 365 теңге, сондай-ақ Қытайда 437 мың теңгені құрайды.

Вице-министрдің мәліметінше, 2017 жылы 12,5 мыңнан астам педагог ағылшын тілінде сабақ беру дағдысын жетілдіру мақсатында «биология», «информатика», «физика», «химия» пәндері бойынша біліктілікті арттырудан өтетін болады.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама