Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Бірлік пен ынтымақ елі. Ортақ етіс
Қазақ тілі 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бірлік пен ынтымақ елі. Ортақ етіс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға бірлік пен ынтымақ туралы мәлімет беру, мәтін бойынша жұмыс жасау отырып септік жалғауды қайталау, жаңа сөздермен танысу
Дамытушылық: Сауатты жазу және оқу дағдыларын дамыту, жаңа сөздермен сөз тіркестері мен сөйлемдер құрау, тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру дағдыларын дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Тәрбиелік: Отанды сүюге тәрбиелеу..
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. грамматикалық кесте.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебін сұрау, білу.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
II. Лексикалық жаттығу. Фонетикалық жаттығу
III. Сөздікпен таныстыру: Сөз тіркестері мен сөйлемдер құрау

IV. Мәтінмен жұмыс.
Мәтінді оқу, аудару
1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру
2. Мәтіннен септік жалғаулы сөздерді табу
Грамматикалық тапсырма. Ортақ етіс. Етістіктің етіс түрі

өздік - (- н,- ін,- ын – жұрнақтары жуынды, киінді, сүйінді, сайланды, тойланды)

өзгелік -(- т,- дыр,- дір, - тыр, - тір, - ғыз, - гіз, - қыз - кіз, - ыр, - ір айтқызды, алдырды, оқыт, пісір, еміздің)

ырықсыз - (- ыл,- іл,- л, кейде - ін, ын, - н тасылды, жазылды, киілді, тазаланды)

ортақ - (- ыс, - іс, - с айтысты, сөйлес, көрістік, табыстың, жинасты)

Тапсырмалар орындау
1. Берілген сөздермен сөйлем құра.
2. Бірлік сөзін септе.
3. Мәтіннен ортақ етісті табу.

V. Жаңа сабақты бекіту:
VI. Үй тапсырмасын беру:
VII. Бағалау
VIII. Сабақты қорытындылау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама