Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Біз бақытты отбасымыз
Біз бақытты отбасымыз (8 сынып)
Мақсаты: Оқушыларға «Отбасы» туралы, оның құндылығы туралы түсінік беру.
Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, ата - ана алдындағы парызын өтеуге, жанұяның мақтанышы болуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Отбасының қоғамдағы орны туралы білді.
Тапсырмаларды орындауда сындарлы ойлайды, ізденеді, ой түйіндейді.
Өзін және сыныптарын бағалайды.
Керекті жабдықтар: Интербелсенді тақта, смайликтер, бәйтеректің және шаңырақтың суреті және стикерлер. «Перзент парызы» видеоклипі, «Мерейлі отбасы» байқауының үзінділері
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: Топтық жұмыс: ой бөлісу, бағалау әдістері, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары.

Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері: Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе Оқушылармен амандасу.
- Оқушылар, көңіл - күйіміз қалай? Сабағымызды бастамас бұрын барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық. Шеңберде тұрып оқушылар бір - бірімен сәлемдеседі. Мысалы: Салем! Сәлеметсің бе? Есен - амансың ба? Қалайсың? Ні т. б
- Біз неге шеңберге тұрып, сабақты бастадық?
Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық. Шеңбер арқылы – бір – бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз.
Топқа бөлу: Стикерлер арқылы оқушыларды Отбасы, ата - ана туралы мақал - мәтелдер арқылы топқа бөлу. Мақал - мәтел қиындылары:
1 - топ: «Әке - алтын діңгек»
2 - топ: «Отбасы – татулық негізі»
3 - топ: « Отбасы бақыты - ел бақыты»

Оқушылар мақал - мәтелдерді құрастыру арқылы 3 топқа бөлінеді.
Ендігі кезекті мына сұрақтарға жауап берейік. Отбасы дегеніміз не? Қалай түсінесіздер? Отбасы қандай болуы керек? Отбасы туралы пікірлерін ортаға салу.
- Бүгін біз бір ғажайып әлем туралы сыр шертеміз. Қалай ойлайсыңдар ол қандай әлем болуы мүмкін. Ол сіздер өскен, біздер өскен шағын мемлекет, яғни жанұя – отбасы бірлігі, ынтымақтастығы, достығы, өзара сыйластықтары. Отбасы әр адамның шағын отаны. Отбасында өсіп - өніп тәрбие алады. Біз жастайымыздан өзгелерге қамқор болуды, ата - ананы үлкендерді сыйлауды, жақсы көруді отбасынан үйренеміз. Бізге ең жақын ең қымбат жандар отбасында, яғни бірге жанымызда болады. Отбасы ата – әженің ұрпағынан тарап, шағын мемлекетке айналады.
Отбасы - Бірге тұратын, бір - біріне қамқорлық жасайтын және ортақ шаруашылық жүргізетін бір үйдің адамдары.
Енді мына қағаз қиындыларындағы сұрақтарға жауап жаза отырып, сары және жасыл стикерлерге жазып тақтадағы шкалаға «Тілек ағашына» жапсырамыз.

1. Отбасыңды ең бақытты отбасы деп есептейсің бе?
2. Сені отбасындағы қандай мәселе мазалайды?
3. Қатты қиналып, бойыңды қорқыныш билеп «отбасымнан безіп кеткім келеді» деген ойлар мазалаған кездер болды ма?
4. Өзіңді бақыттымын деп есептейсің бе?
5. Отбасың үшін сенің ұялған кездерің болды ма?
6. Өз отбасыңның қандай болғанын армандайсың?
7. «Отбасының бақыты үшін не керек?»
Бұл шкалада сары стикер «Отбасыма көмек керек!»
Жасыл стикер «Біз бақытты – отбасымыз!»
Сары жапырақтар көп болса, отбасына қауіп – қатер, жайлай бастағаны. Ол мына өздеріміз жазғандай келіспеушілік, әкенің балаға, баланың анасына көңіл бөлмеуі.
Ал, көк жапырақ көп болса онда сіздің отбасыңызда бақыттың орнағаны, сыйластық, адалдық, жүрек жылуы. Үлкендер бата бергенде көктеп көгер, ұрпақ жай деп жатады. Отбасы бақыты үшін мына өздеріңіз жазған жақсы ойлардың барлығы керек

Негізгі бөлім 1 - топ: «Әке - алтын діңгек»
2 - топ: «Отбасы – татулық негізі»
3 - топ: « Отбасы бақыты - ел бақыты»
Осы тақырыпты ашу үшін әр топқа бояулар беріледі, әр топ мүшесінің ойын осы қағазға түсіруін сұраймын және постерлеріңіз эстетикалық жағынан да, мазмұны, көркемделуі жағынан да жақсы болуы тиіс.
Әрбір топтан шыққан көшбасшыны қалған топтар формативті: «басбармақ», «смайликтер» арқылы бағалайды
Қыркүйек айының бірінші жексенбісі «Отбасы күні» болып белгілендігін және Астана қаласында өткен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы, Жамбыл облысының. Қордай ауданынан қатысқан Арыстанбек ардагері отбасы туралы мәлімет беру. Көрсетілім: «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қорытындысы.
«Өзімнің жанұям туралы айтып берейінші...» (алдын ала үйге берілген тапсырма негізінде топ ішіндегі оқушылар өз отбасы туралы әңгімелейді.

3 - топта: Венн диаграммасын құру: «Отбасы және мектеп»
Видеоклип: А. Жорабаеваның «Перзент парызы».
Әрбір топтан шыққан көшбасшыны қалған топтар формативті: «басбармақ», «смайликтер» арқылы бағалайды.

Қорытынды: Кері байланыс парағын толтыру.
Бүгін мен сабақта білдім (нені)?
Бүгін мен сабақта үйрендім (неге?)
Бүгін мен үшін күтпеген нәрсе болды (не?)

Қорытынды; «Екі жұлдыз - бір тілек» әр оқушы өз отбасына деген тілектерін стикерге тілек жазып, тақтадағы «Шаңырақ» суретіне жапсырады.
Қадірменді оқушы, ата - анаңа ақыл қосар ақылшысы екеніңді, көмекші екеніңді, ертеңгі үміті екеніңді ұмытпа. Әрбір отбасы үшін бақыт, сол отбасын құрап отырған мүшелердің барлығына тікелей байланысты.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама